05.09.2012, 09:52 3271

Қазақстанда сыйбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат бергендерге сыйақы беріледі

"Сондықтан да, осы ережелердің құқықтық қолдану тәжірибесі уақыт өте келе жетілдірілуі мүмкін", - деді ресми өкіл.

Астана. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда сыйбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат бергендерге сыйақы беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты.

"Сондықтан да, осы ережелердің құқықтық қолдану тәжірибесі уақыт өте келе жетілдірілуі мүмкін", - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 23 тамызда ҚР Үкіметінің қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактысы туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді. Бұл қағидалар жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдесетін адамдарды ынталандыру тәртібін анықтайды.

Бір жолғы ақшалай сыйақының мөлшері сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың және қылмыстың ауыртпалығына сәйкес белгіленген. Атап айтқанда сыбайлас жемқорлық туралы әкімшілік істер бойынша бір жолғы ақшалай сыйақының мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті, онша ауыр емес жемқорлық қылмыстық істер бойынша - 40 айлық есептік көрсеткіш, ауырлығы орташа жемқорлық қылмыстық істер бойынша - 50 айлық есептік көрсеткіш, сондай-ақ ауыр жемқорлық қылмыстық істер бойынша - 70 айлық есептік көрсеткіш, ал аса ауыр жемқорлық қылмыстық істер бойынша - 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

"Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған, осы қылмыс бойынша өзге де жолмен жәрдемдескен әрбір азаматқа құпиялық пен мемлекет қорғанысы кепілдендіріледі. Осы марапттау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі", - деді ресми өкіл.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, аталған ережені жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен бір жылға 32 млн. теңге бөлінбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны