21.10.2016, 20:54 4521

Қазақстанда сыртқа шығу туризмі саласында азаматтардыӊ құқығына кепілдік беру жүйесі енгізілуде

Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі туроператорлар өздеріне жүктелген міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда қазақстандық туристерді елге қайтару мәселелерін реттейтін қаулы жобаларын қабылдады.

Астана. 21 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда сыртқа шығу туризмі саласында азаматтардыӊ құқығына кепілдік беру жүйесі енгізілуде.

Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі туроператорлар өздеріне жүктелген міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда қазақстандық туристерді елге қайтару мәселелерін реттейтін қаулы жобаларын қабылдады.

Соӊғы жылдары туроператорлардыӊ кесірінен қазақстандық туристердіӊ шетелдерде жатын орындары мен қайту билеттерініӊ ақысы төленбей қалып қоятын жағдайлары жиілеп кетті.

"Енді осындай жағдайлар орын алған жағдайда "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры қазақстандық туристерді уақытша қалып қойған мемлекеттен елге қайтару үшін тиісті шараларды қабылдайды. Аталған жүйе банктік кепілдіктіӊ болуын міндеттейді: туроператорлар үшін - 5 мыӊ АЕК (10 млн 605 мыӊ теӊге); әуе кемесін жалдаушы-туроператор үшін - 15 мыӊ АЕК (31 млн 815 мыӊ теӊге)", - деп түсіндірді ҚР ИДМ-де.

Қазақстан Республикасыныӊ туристерін елге қайтару үшін арнайы есепшот ашылады. Ол туроператормен немесе әуе кемесін жалдаушы-туроператормен әзірленген және Қазақстан Республикасыныӊ азаматына турагент арқылы сатылатын әрбір туристік өнімнен аударылған - 0,5 АЕК (1 061 теӊге) құралады.

Еске сала кетейік, жобаны туризм жөніндегі Кеӊес, Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия, Қазақстан Республикасыныӊ "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және тіркелген бірлестіктердіӊ мақұлдауымен бекітілді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы азаматтарына туристік компания туралы, туристік өнімдерді сатып алуда және "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры арасында жасалған шарт туралы ақпаратты анықтау қажеттігіне ерекше назар аударуды сұрайды.

Ұсынылған жаӊалықтар ресми жарияланғаннан соӊ 10 күннен кейін күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны