03.08.2012, 12:11 3345

Қазақстанда соңғы үш жылда шығарылған автокөліктерге кеден салығы төмендетілді

Қабылданған қаулыға сәйкес, соңғы 3 жылда өндірістен шыққан автокөліктерге (тартқыштар, автобустар) сәйкестік сертификатын алуға сертификаттаудың ұлттық органдарында төмендетілген кеден салығы (0-5 %) салынады.

Астана. 3-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда соңғы үш жылда шығарылған автокөліктерге кеден салығы төмендетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ресми сайтында хабарланған.

Қазақстан Республикасы Үкіметі "2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы" ҚР Үкіметі қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (2012 жылғы 30 шілдедегі № 1001) қаулы қабылдады.

ҚР заңнамасын Кедендік Одақ аясында қабылданған нормативтік құжаттармен біріздендіруге бағытталған бұл қаулы Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының 6-бабының 8-тармақшасындағы нормаларға сәйкес дайындалды.

Қабылданған қаулыға сәйкес, соңғы 3 жылда өндірістен шыққан автокөліктерге (тартқыштар, автобустар) сәйкестік сертификатын алуға сертификаттаудың ұлттық органдарында төмендетілген кеден салығы (0-5 %) салынады. Бұдан бұрын мұндай жеңілдіктер соңғы 1 жылда шыққан және жалпы жүрісі 10 мың км-ге дейінгі автокөліктер қолданылатын еді. Ал, бұл талаптарға сай келмейтін көліктер анағұрлым жоғары кедендік салық (25-30%) төлеу арқылы сатып алынатын.

Осылайша, бұл саладағы ҚР заңнамасы Кедендік Одақ аясында қабылданған нормативтік құжаттармен сәйкестендірілді. КО Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы мен КО Бірыңғай кедендік тариф құжаттарында соңғы 3 жылда өндірістен шыққан автокөліктер жаңа деп есептеліп, автобустар үшін шеттен әкелінетін кедендік салық мөлшерлемесі кедендік құнынан 0%, ал тартқыштар үшін 5%-ды құрайды.

Қаулының 2-тармағына сәйкес, бұл құжат алғашқы ресми жарияланымнан 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны