09.07.2012, 11:17 3409

Қазақстанда Тау-кен кодексінің тұжырымдамасы әзірленді

Қазақстанның тау-кен саласы үшін тау-кен өндіру және тау-кен металлургия компанияларының ассоциациясы Тау-кен кодексінің тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлады ассоциацияның атқарушы директоры Николай Родостовец.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда Тау-кен кодексінің тұжырымдамасы әзірленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның тау-кен саласы үшін тау-кен өндіру және тау-кен металлургия компанияларының ассоциациясы Тау-кен кодексінің тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлады ассоциацияның атқарушы директоры Николай Родостовец.

"Тау-кен металлургиялық секторының қарқынды өсуіне байланысты Тау-кен кодексін жасау қажеттілігі туындады. Біз оның тұжырымдамасын әзірлеп те қойдық, енді үкіметке таныстырамыз", - деді Н.Родостовец.

ТТКА директорының пікірінше, Қазақстанда тау-кен өндіру және мұнай салаларын заң жүзінде жіктеп бөлу үшін Тау-кен кодексін жасау қажеттілігі әлдеқашан туындаған. Бұл олардың әрқайсысының жаңартылған заңнамада көрсетілетін спецификалық ерекшеліктеріне қатысты.

Тау-кен кодексі тау-кен металлургия секторындағы инновациямен, инвестициялармен және еңбек ресурстарын тартумен байланысты кемелдену үрдісіне ықпал ететін болады.

Мұндай құжаттар тау-кен шикізатын өндіріп, қайта өңдеумен айналысатын көптеген елдерде бар. Бұл олардың ішкі жалпы өнімінің үлкен үлесі тау-кен металлургия секторына тиісті болуына байланысты.

"Қазір біздің еліміз әлемдік нарықта сұранымға ие металл өндіретін тау-кен металлургия саласы дамыған ел атауына үміткер, сондықтан біз осы атауға сай болып, одан ары жылжуымыз қажет. Тау-кен кодексін қабылдау Қазақстанның тау-кен металлургия саласын дамытудағы маңызды кезең", - деп қорытындылады сөзін ТТКА басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны