17.01.2013, 14:57 3182

Қазақстанда тексерістердің 50 пайызында жанармайдың талапқа сай келмейтіні анықталған

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Индустрия және жаңа техногиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев мәлімдеді.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда тексерістердің 50 пайызында жанармайдың талапқа сай келмейтіні анықталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Индустрия және жаңа техногиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев мәлімдеді.

"Сатылып жатқан жанар-жағар майдан сапа жағынан сәйкессіздіктер анықталды. Астана қаласында "Асқар-Мұнай-Трейд" ЖШС-да зертханалық зерттеулер жүргізіліп, Ресейде өндірілген дизель отыны талаптарға сәйкес келмейтіні әшкере болды. Мемлекеттік инспекторлар Астана қаласында "Гелиос" фирмасының жанар-жаңар май құю стансаларына тексеріс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, АИ-98 бензинінде дитациондық тұрақтылық, октан саны бойынша сәйкессіздіктер анықталған. Норма 98 деп белгіленсе, ол 97,5-ке дейін төмендеген", - деп хабарлайды Р.Сәтбаев.

Оның сөзіне қарағанда, елордалық департамент қалалық прокуратура талабына сәйкес "Аррована" ЖШС-ға, "Энерджи" ЖЖМС-ға тексеріс жүргізді. Атырау Мұнай өңдеу зауытының Премиум-95 маркалы бензинінің октан саны бойынша талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

"Іс жүзінде бұл көрсеткіш 92,5-ті құрады. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы "Қарағанды түсті металдар" өндірістік бірлестігінің аймақтық қойма шаруашылығында бензин құюда сәйкессіздіктер байқалған. АИ-80 бензинін тарату барысында дизельдік отындағы 200 мл нормаға дейін толық құйылмайтыны белгілі болған. Жалпы республика бойынша мұнай өнімдерін таратушы 227 кәсіпорынға тексеріс жүргізіліп, 115 ереже бұзушылық анықталды. Бұл - жалпы көрсеткіштің 50,6%-ы. Тексеріс қорытындысы бойынша жалпы сомасы 224 млн теңгені құрайтын ЖЖМ-дың 220 партиясын таратуға тыйым салынды. Икімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтардан 10 млн теңгеден астам қаржы өндірілді", - деді Р.Сәтбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны