14.11.2012, 12:31 3324

Қазақстанда терроризмге қарсы іс-қимыл күшейтілетін болады

Аталған құжаттың мақсаты терроризм қаупінің, сондай-ақ террористік қатерлер көріністерінің арта түсуін ескеріп, лаңкестікке қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске террористік тұрғыдан осал нысандардың атауларын нақтылау, терроримзге қарсы операцияларды жүргізу кезінде күзет қызметін тоқтата тұру туралы талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу секілді нақтылаушы сипаттағы өзгерістер енгізіледі.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламентінің жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілерінің терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған құжаттың мақсаты терроризм қаупінің, сондай-ақ террористік қатерлер көріністерінің арта түсуін ескеріп, лаңкестікке қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске террористік тұрғыдан осал нысандардың атауларын нақтылау, терроримзге қарсы операцияларды жүргізу кезінде күзет қызметін тоқтата тұру туралы талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу секілді нақтылаушы сипаттағы өзгерістер енгізіледі.

Бұдан бөлек лаңкестікке қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі бойынша ел Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттіктері нақтыланады.

Терроризм актілерінің жолын кесу үшін Қазақстан Қарулы Күштерін қолданудың тәртібі, сондай-ақ терроризмге қарсы операция режимін енгізу туралы халықты хабарландырудың тәртібі айқындалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны