01.04.2013, 16:11 4368

Қазақстанда ТЖ туралы хабарлаудың жаңа жүйесі 2-3 жылдан кейін іске қосылады

"Хабарлау жүйесі ғылым және техниканың соңғы жетістіктерін есепке ала отырып, жетілдіріледі. Оған Израиль, АҚШ, Еуропа, Азия елдері, Қытай да жатады. Бұл процесс бір қалыпты жұмыс жасап келеді, 2-3 жылдан кейін хабарлаудың жаңа жүйесіне ие боламыз деген үміттемін, сол арқылы барынша қысқа мерзімнің ішінде әр азаматқа ақпарат жетіп отыратын болады", - деді В.Петров.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today Республикамызда ТЖ туралы хабарлау жүйесін жетілдіру жоспарланған - , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР ТЖ бойынша вице-министрі Валерий Петров мәлім етті.

"Хабарлау жүйесі ғылым және техниканың соңғы жетістіктерін есепке ала отырып, жетілдіріледі. Оған Израиль, АҚШ, Еуропа, Азия елдері, Қытай да жатады. Бұл процесс бір қалыпты жұмыс жасап келеді, 2-3 жылдан кейін хабарлаудың жаңа жүйесіне ие боламыз деген үміттемін, сол арқылы барынша қысқа мерзімнің ішінде әр азаматқа ақпарат жетіп отыратын болады", - деді В.Петров.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда смс-хабарландыру арқылы азаматтарымызды ақпараттандыру туралы мәселе ұялы байланыс операторларымен талқыланғанын атап кетті. Бірнеше айдың ішінде смс-хабарландыру жүйесі барлық Қазақстанда жұмыс жасайды, себебі барлық ұялы байланыс операторларымен сәйкес келісім жасау аяқталған.

Оған қоса, вице-министр теле- және радиоканалдарды да қамту істе байқалатынын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны