23.10.2012, 13:46 3069

Қазақстанда үй құрылысы комбинаттарын пайдалану үшін тұрғын үйлердің үлгілік жобалары әзірленуде

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметінен.

Астана. 23-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда үй құрылысы комбинаттарын пайдалану үшін тұрғын үйлердің үлгілік жобалары әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметінен.

Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің төрағасы Серік Нокиннің мәліметінше, ағымдағы жылы "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына сәйкес 6 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Үстіміздегі жылдың 9 айында 4,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109 % тең.

"Бүтіндей алғанда, жоспарланған құрылыс жұмыстарының көлемі барлық өңірлерде іске асырылып жатыр, сондықтан жылдық жоспардың табысты орындалатынына сенім зор", - деді С.Нокин.

Өз кезегінде С.Ахметов "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын іске асыру аса өзекті екенін айта келіп, облыстардың әкімдеріне ағымдағы жылдың соңына дейін қаржыны толықтай игеріп, бағдарлама бойынша жоспарланған құрылыс көлемін аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Құрылыс істері және ТКШ агенттігіне үй құрылысы комбинаттарының пайдалануы үшін тұрғын үйлердің үлгілік жобаларын әзірлеуді жылдамдатуды, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне құрылыс саласына қажетті жоғары білікті мамандарға бөлінетін квотаны ұлғайтуға қатысты ұсыныстарды дайындап, Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны