04.05.2017, 16:18 5412

Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млрд теӊгеден астам қаржы бөлінді

Қазақстанда, ағымдағы жылдыӊ басынан бері, жергілікті бюджет қаржысы есебінен және демеушілік көмек есебінен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік жәрдем жасауға 1 млрд 97 млн теӊге қарастырылды (жергілікті бюджет - 971,3 млн теӊге, демеушілік қаржы - 125,7 млн теӊге).

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы (әрі қарай - ҰОС) ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді шараларды қолға алуда.

Қазақстанда, ағымдағы жылдыӊ басынан бері, жергілікті бюджет қаржысы есебінен және демеушілік көмек есебінен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік жәрдем жасауға 1 млрд 97 млн теӊге қарастырылды (жергілікті бюджет - 971,3 млн теӊге, демеушілік қаржы - 125,7 млн теӊге).

3 мамырдағы жағдай бойынша 838,2 млн теӊге сомасында 39,1 мыӊ біржолғы материалдық көмек берілді; 8,2 мыӊ ардагерге 205,9 млн теӊгеге коммуналдық қызметтер төленді; 52 ардагер 821,3 мыӊ теӊгеде жанармаймен қамтамасыз етілді; 56,2 мыӊ ардагер 296,4 млн теӊгеге теӊ жеӊілдікке ие дәрі-дәрмекмен қамтылды; 476 ардагерге 11,8 млн теӊгеге тіс протезі салынды; 5,8 мыӊ ардагер 30,6 млн теӊгеге қалалық және облыстық қатынас жолдарында жолаушылар көлігінде жеӊілдікпен жүру мүмкіндігін иеленді; 4,9 мыӊ ардагер 16,1 млн теӊгеге мерзімді басылымдарға жазылды.

6,7 мыӊ ардагер 226,5 млн теӊгеге көмектіӊ басқа да түрлерін алды (әлеуметтік такси, шаштараз, монша, кабельдік телевидение қосу және өзге де).

Жыл сайын зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшері өсіп келеді.

2017 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша ҰОС қатысқандарға әлеуметтік төлемдердіӊ орташа жиынтық мөлшері - 114 655 теӊгені; ҰОС ардагерлеріне - 118 499 теӊгені; ҰОС қатысқандарға теӊестірілген тұлғаларға - 109 176 теӊгені; ҰОС мүгедектеріне теӊестірілген тұлғаларға - 81 798 теӊгені; ҰОС жылдарында тылда еӊбектенген тұлғаларға - 71 637 теӊгені құрады.

ҰОС ардагерлеріне медициналық көмек, республикалық әрі өӊірлік деӊгейде, тегін медициналық көмектіӊ кепілдендірілген көлемі аясында ақысыз көрсетіледі.

Қазіргі уақытта, елімізде, ардагерлерге стационарлық медициналық жәрдем ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне арналған 2 мамандандырылған республикалық госпитальде (Астана мен Алматы қалалары), арнайы сервистік палаталары бар облыстық және қалалық ауруханалардыӊ мамандандырылған бөлімшелерінде жасалады.

Сонымен қатар, Бірыӊғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында, ҰОС ардагерлері еркін таӊдау қағидаты арқылы кез-келген республикалық медицина ұйымында жоғары мамандандырылған медициналық көмек ала алады.

Жалғызбасты және көлікпен алып жүруге келмейтін тұлғаларды қосқанда, ҰОС ардагерлерін күндізгі стационарлар мен үйдегі сауықтыру іс-қимылдарына жағдай жасалуда.

Бүгінгі таӊда 850 ардагер стационарлық сипаттағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде өмір сүрсе, 349 ардагерге жартылай стационарлық сипаттағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетіліп, шипажайлық-курорттық емдеумен 877 ардагер қамтылған.

Техникалық көмекші (орын толтыру), міндетті гигиеналық құралдар, сауықтырудыӊ жеке бағдарламасына сай, 30,2 млн теӊге сомасында 86 ардагерге ұсынылған.

Үй жағдайында қызмет көрсетудіӊ мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік сипатындағы ұйымдары 8 503 жалғызбасты және жалғыз тұратын ардагерге әлеуметтік қызмет көрсетсе, оныӊ ішінде 70 ҰОС мүгедегі, 199 ҰОС қатысқан ардагер, ҰОС мүгедектеріне теӊестірілген 21 тұлға, ҰОС қатысқандарға теӊестірілген 146 тұлға, ҰОС қаза тапқан әскери қызметкерлердіӊ 137 жесірі, 5 875 тыл еӊбеккері, өзге де 2 055 ардагер бар.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеӊістіӊ 72 жылдығын мерекелеу қарсаӊында, жергілікті атқарушы органдар тарапы ардагерлерге қолдау көрсету мен ардақтау тұрғысында шаралар жоспарын әзірлеп, оныӊ аясында ел бойынша 400-дей іс-шара өткізу көзделген.

Қазіргі кезде елімізде 2 776 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 157 679 - ҰОС жылдарында тылда жұмыс істегендер; 194 - қоршауда болған Ленинград қаласында жұмыс істегендер; 487 - кәмелетке толмаған кездерінде концлагерьлерде, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарында болғандар; 7 806 - қайтыс болған соғыс мүгедектердіӊ әйелдері; 80 - ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлер, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандардыӊ (із-түссіз жоғалып кеткендер) қайта үйленбеген жұбайлары; өзге де Жеӊіске үлес қосқан санаттардан 778 азамат өмір сүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны