21.12.2016, 14:02 3608

Қазақстанда үш мемлекеттік ЖОО-ныӊ ректоры таӊдалды

Онда үш университеттіӊ ректоры лауазымына үміткерлер іріктелді. Атап айтқанда, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ қатысуымен жоғары оқу орындарыныӊ басшылары лауазымына үміткерлерді анықтау бойынша Республикалық конкурстық комиссияныӊ отырысы өтті,- деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасарыныӊ хатшылығы.

Отырыс барысында Республикалық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттармен танысып, конкурс қатысушыларымен сұхбат жүргізді. Онда үш университеттіӊ ректоры лауазымына үміткерлер іріктелді. Атап айтқанда, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.

Барлық үміткерлер жоғары білімі, 5 жылдан кем емес басшылық лауазымда жұмыс өтілініӊ болуы, сондай-ақ, ЖОО дамыту бағдарламасыныӊ болуы жағынан қойылып отырған талаптарға сәйкес келетінін атап өткен жөн. Сапалық құрамы жағынан байқауға білім және ғылым жүйесініӊ 26 өкілі қатысты (16 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты).

Үміткерлермен сұхбат және олар ұсынған ЖОО дамыту бағдарламасын талқылау нәтижесінде Республикалық конкурстық комиссия Қарағанды мемлекеттік техникалық университетініӊ ректоры бос лауазымына тағайындауға Марат Ибатовты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетініӊ ректоры лауазымына Қуат Баймырзаевты және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтыныӊ ректоры бос лауазымына Алтынбек Нұхұлын тағайындауды ұсынды.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік ЖОО-ныӊ ректорларын тағайындау ережесі өзгерді. Енді жаӊа талаптарға сәйкес ректорлардыӊ тағайындалуы ашық конкурс негізінде жүргізіледі. Бұған дейін мемлекеттік жоғары оқу орындарыныӊ ректорлары ҚР Білім және ғылым министрініӊ жеке шешімімен тағайындалып келді. Сондықтан, ректорлар корпусыныӊ біраз бөлігі аталған лауазымда 3 жыл сайын 2 мерзімнен аса уақыт иеленіп келді.Бұған дейін хабарланғандай, бұл жаӊашылдық қазақстандық жоғары оқу орындарыныӊ басқару құрамын сапалы толтыру және басқару дербестігін ұлғайту, сондай-ақ, қоғам алдындағы есептілікті күшейту қажеттігінен туындап отыр.

Ағымдағы айдыӊ қазан айында ЖОО-ныӊ бақылаушы кеӊестерініӊ отырыстары өткізілді, онда үміткерлер ұсынған оқу орнын дамыту бағдарламалары қаралды. Оныӊ қорытындысында ЖОО-ныӊ бақылаушы кеӊестері құпия дауыс беру арқылы Республикалық комиссия қарауына ұсыну үшін кандидаттарды анықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны