11.06.2007, 13:19 2848

Қазақстанда заңдастырылған мүліктің жалпы көлемі 7-маусымда 367,2 млрд теңге болды (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда заңдастырылған мүліктің жалпы құны 7-маусымда 367,2 млрд теңге болды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында қаржы министрі Наталья Коржова құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, заңдастырылған ақша көлемі 145,6 млрд теңге болған. Н.Коржованың айтуынша, салық органдары арқылы 38,5 млрд теңгенің мүлкін заңдастыруға 431 320 өтініш түскен, оның 37,8 млрд теңгеге бағаланған 429 891 өтініш қабылданды.

Өз кезегінде әділет министрі Зағипа Балиева 7-маусымдағы жағдаймен заңдастырылған жылжымайтын мүліктің жалпы құны 186 млрд 632 млн 469 мың теңгеге жеткенін хабарлады. Оның айтуынша, жылжымайтын мүлікті заңдастыруға 1 млн 416 мың 683 өтініш түскен. "1 млн 302 мың 222 нысан заңдастырылды, оның ішінде 945 535 тұрғын үй, адам тұрмайтын 356 687 нысан тіркелді, бұл жалпы өтініштердің 91,9% құрайды", - деді З. Балиева. Оның айтуынша, аумақтық әділет органдарында заңдастырылған 620 мың жылжымайтын мүлік нысандары тіркелген.

Селекторлық жиын барысында премьер-министр К. Мәсімов 9-шілдеде мүлікті заңдастыруға қатысты тікелей эфир өткізуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны