07.12.2012, 15:00 2936

Қазақстанда жалгерлік үй тәжірибесін кеңейту қажет

Қазақстанда коммерциялық және коммерциялық емес жалгерлік үй тәжірибесін кеңейту қажет, бұл туралы бүгін парламенттік тыңдаулар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда жалгерлік үй тәжірибесін кеңейту қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда коммерциялық және коммерциялық емес жалгерлік үй тәжірибесін кеңейту қажет, бұл туралы бүгін парламенттік тыңдаулар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

"Ортаңқол табысы бар азаматтарды заманауи баспамен қамтамасыз ету үшін жалгерлік тұрғын үй, оның ішінде коммерциялық емес жалгерлік тұрғын үй тәжірибесін кеңейту қажет. Тіпті көптеген дамыған елдерде жалгерлік тұрғын үйлер тұрғын үй қоры құрылымы жалпы қорының 30-50% құрайды. Еуропада халықтың 60%, АҚШ-та - 35% жалгерлік үйде тұрады. Ирі бұл қалыпты жағдай! Ал бізде ше? Жалгерлік үй нарығы енді ғана дами бастады", - дедіҚ.Көшербаев.

Вице-премьердің сөзіне қарағанда, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынып жатқан жалгерлік тұрғын үй бойынша, ұш бөлмелі пәтердің жалға алу құны коммуналдық шығынды есептемегенде, айына 5600 теңгені құрайды, ал коммерциялық жалгерлік тұрғын үй құны болса 120 мың теңге.

"Бұл, жалақысы аз ғана отбасылар, - жас дәрігерлер мен мұғалімдер, орта деңгейдегі медқызметкерлер бұл соманы төлей алады деген сөз. Бұл өте маңызды, әрі Бағдарламаның жұмыс істейтінін көрсетеді. Сондықтан бұл бағын одан әрі де дамытылатын болады", - деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны