28.01.2011, 16:55 4282

Қазақстанда жаңа әлеуметтік бағдарламалар әзірленетін болады

Қазақстанда жаңа әлеуметтік бағдарламалар әзірленетін болады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 28 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 28 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда жаңа әлеуметтік бағдарламалар әзірленетін болады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 28 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Н. Назарбаев, Қазақстанның үдемелі индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылына кірісіп отырғанын, ондағы басты мәселе - әлеуметтік жаңару мәселесі екенін атап көрсетті. Олар білім беру, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту мәселелері.

Елбасы Үкіметке 1 мамырға дейін халықты еңбекпен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты түрлендіру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясаты бірінші кезекте халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны