13.09.2016, 18:23 3453

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ коммуналдық меншігі институты құрылады - ҰЭК

Ведомство басшысыныӊ айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ дербес бюджетін енгізуге байланысты жаӊа "Жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ коммуналдық меншігі" институтын құру қажеттілігі де туып отыр.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ коммуналдық меншігі институты құрылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі ?уандық Бишімбаев мәлім етті.

Ведомство басшысыныӊ айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ дербес бюджетін енгізуге байланысты жаӊа "Жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ коммуналдық меншігі" институтын құру қажеттілігі де туып отыр. "Бұл ретте ауыл аумағындағы барлық коммуналдық меншік ауданныӊ коммуналдық меншігініӊ құрамына кіреді және оны аудан әкімдігі басқарады. Жергілікті өзін-өзі басқару мүлкі жергілікті қазына мүлкінен (жергілікті өзін-өзі басқару бюджетініӊ қаражаты, коммуналдық заӊды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік) және коммуналдық заӊды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен құралатын болады", - деді Қуандық Бишімбаев. Оныӊ сөзіне қарағанда, жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ коммуналдық меншiгiн басқару жергілікті қоғамдастық жиналысыныӊ келісімі бойынша ауыл әкімініӊ аппаратына жүктеледі.

"Жергілікті бюджет шығыстары Бюджет Кодексінде қамтылғанындай, ауыл әкімініӊ қолданылатын 19 бағыты деӊгейінде айқындалған. Бұл дегеніміз: мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; автомобиль жолдарын салу, реконстукциялау, жөндеу және күтіп ұстау; елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және тағы басқалар", - дейді Қ. Бишімбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны