10.07.2012, 10:24 1390

Қазақстанда "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" теміржол желілерінің құрылысы басталды

"Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның вице-президенті Ерік Сұлтанов бұл туралы Pm.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" теміржол желілерінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның вице-президенті Ерік Сұлтанов бұл туралы Pm.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.

"Бүгінде қызу жұмыс басталып кетті. Ең заманауи талаптар бойынша вахталық қалашықтар тұрғызылады, жұмысшылар жайлы жағдайда тұратын болады. Қазір мердігерлер анықталып бітті, келісімшарттарға қол қойылды",- деп хабарлады Е.Сұлтанов.

Аталған екі жоба бойынша жұмысшылар штаты 4 мыңнан астам адамды құрайды деп жоспарлануда. Жобалардың арқасында өңірлердегі жұмыспен қамту, инфрақұрылымды дамыту мәселелері шешілетін болады.

"Арқалық-Шұбаркөл" теміржолы 2015 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі. Сол шамада "Жезқазған-Бейнеу" жолының бірінші іске қосу кешені аяқталады. Және 2016 жылы аталған екі жолмен де қозғалыс басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны