20.10.2011, 18:19 3941

Қазақстанда жыл басынан бері 6 мыңға жуық кәсіпкерлік туралы заң бұзушылық анықталған

Бүгінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Бас прокуратураның басты назарында. "Осыған байланысты биылғы жылдың басынан бері прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде 4 мыңнан астам бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалып, прокурорлардың наразылығынан кейін, кәсіпкерлердің құқықтарымен байланысты 350-ден астам заңсыз актілердің күші жойылды", - деді ресми өкіл.

Астана. 20-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда жыл басынан бері 6 мыңға жуық кәсіпкерлік туралы заң бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Бас прокуратураның басты назарында. "Осыған байланысты биылғы жылдың басынан бері прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде 4 мыңнан астам бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалып, прокурорлардың наразылығынан кейін, кәсіпкерлердің құқықтарымен байланысты 350-ден астам заңсыз актілердің күші жойылды", - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, прокурорлар бақылайтын басты мәселелердің бірі - бизнеске әкімшілік қысым көрсету әрекеттерінің жолын кесу болып табылады. "Осы мақсатта Тараз қаласының прокурорлары салық органдарының 20-дан астам шаруашылық субъектілерінің банк есепшоттарының қызметін тоқтату жөніндегі заңсыз шешімінің күшін жою бойынша шаралар қолданды", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны