17.02.2012, 13:19 3248

Қазақстанда зияткерлік меншік саласындағы жұмысты күшейту қажет

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы зияткерлік меншік саласындағы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін қабылдаған жөн, оның ішінде халықаралық рейтингтерде Қазақстан Республикасының позициясын жақсарту керек.

Астана. 17-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда зияткерлік меншік саласындағы жұмысты күшейту қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Иділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде әділет вице-министрі Имірхан Аманбаев хабарлады.

"Қазақстанда зияткерлік меншік саласындағы жұмысты күшейту қажет. Ирине, бізге шаруашылық субъектілерінің қызметіндегі артық қол сұғушылықты қысқарту шараларын қабылдау керек, дегенмен шектен шығуға болмайды. Құқық қорғау органдарымен бiрлесiп аталған саладағы тәртіп бұзушылықты анықтап, жолын кесу шараларын жүргізу қажет", - деп атап өтті И.Аманбаев.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы зияткерлік меншік саласындағы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін қабылдаған жөн, оның ішінде халықаралық рейтингтерде Қазақстан Республикасының позициясын жақсарту керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны