10.08.2018, 23:06 4018

Қазақстанда зымырын-ғарыш іс-қызметі аймағында топырақты уытсыздандырудыӊ бірегей технологиясы әзірленді

"Байқоӊыр" ғарыш айлағы Қазақстан бюджетіне Ресей кешенді жалға алғаны үшін төлейтін 115 млн доллар сомасындағы қаржыны жыл сайын әкеледі. 2018 жылдыӊ басындағы мәліметке сәйкес, 1994 жылдан бері РФ елімізге $2,6 млрд аса қаржы төлеген.

Алматы. 10 тамыз. Kazakhstan Today - "Байқоӊыр" ғарыш айлағы Қазақстан бюджетіне Ресей кешенді жалға алғаны үшін төлейтін 115 млн доллар сомасындағы қаржыны жыл сайын әкеледі. 2018 жылдыӊ басындағы мәліметке сәйкес, 1994 жылдан бері РФ елімізге $2,6 млрд аса қаржы төлеген. Бұған қоса, ғарыш саласы Қазақстан Республикасындағы еӊ жоғары технологиялы салалардыӊ бірі болып табылады. Оныӊ негізінде аса ірі туристік жоба жүзеге асырылуда. "Байқоӊыр" ғарыш айлағыныӊ бірегейлігі жөнінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсетіп, дәл осы ғарыш айлағыныӊ тұӊғыш адамды ғарышқа жолдау үшін еӊ үздік орын болғанын айтқан болатын. Сонымен бірге, зымырын-ғарыш іс-қызметі қазақстандық экологтар мен оныӊ ықпалы аймағына кіретін аудандардыӊ тұрғындары үшін алаӊдаушылыққа себеп. Зымырандар ұшырылымыныӊ экология мен тұрғындардыӊ денсаулығына ықпалын бақылау үшін "Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы топырақты уытсыздандырудыӊ бірқатар технологиялары мен нормативтік құжаттарын әзірледі. Орталық мамандары қоршаған ортаныӊ ахуалына тұрақты мониторинг жүргізеді және жағдайды жақсарту үшін шаралар қолданады. Сондай-ақ, ықпал аймағында өмір сүретін тұрғындардыӊ денсаулығына қатысты бірқатар зерттеулер жүргізді. Орталықтыӊ жұмыстарыныӊ нәтижесі және тұрғындардыӊ алаӊдаушылығы қаншалықты негізді екендігі туралы Kazakhstan Today агенттігіне берген сұхбатында "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ бас директоры Жайлаубай Жұбатов әӊгімелеп берді.

Kazakhstan Today: Жайлаубай Қызылбайұлы, біздіӊ сұрақтарымызға жауап беруге келіскеніӊіз үшін алғысымызды білдіреміз. "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығыныӊ қызметі туралы, кәсіпорын несімен бірегей және оныӊ басты мақсаттары туралы айтып берсеӊіз?

Жұбатов: 2001 жылы "Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Үкіметтіӊ 2011 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен ол қайта құрылды, соныӊ нәтижесінде біздіӊ "Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығымыз құрылды. Қазір орталық ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ қарамағында. Біздіӊ кәсіпорын "Байқоӊыр" кешенініӊ зымырын-ғарыш іс-қызметініӊ ықпалына ұшырайтын Республика аумақтарына экологиялық мониторинг жүргізуді жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Бұған қоса мұнда зымырын-ғарыш іс-қызметініӊ экологиялық нормаларын жасау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Кәсіпорын құрамында экологиялық және медициналық бағдарлама бөлімдері бар, Жезқазған, Байқоӊыр және Алматыда зертханаларымыз, сондай-ақ, геоақпараттық жүйелер бөлімі жұмыс істейді. Жезқазған, Байқоӊыр және Алматыда орналасқан зертханалар қоршаған орта нысандарындағы және биоматериалдардағы зымыран отыныныӊ құрамды бөлшектерін талдауды жүзеге асыруға аккредитацияланған. 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар кәсіби білікті қызметкерлер құрамы мен заманауи құрал-жабдықтармен және аспаптармен жабдықталған зертханалар қалыпты жағдайларда және апат болғанда стационарлы және далалық ахуалда сынақтар жүргізуге мүмкіндік береді.

Kazakhstan Today: Зымырын-ғарыш іс-қызметініӊ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қалай атқарылады?

Жұбатов: Біздіӊ орталықтыӊ мамандары зымырын-ғарыш іс-қызметініӊ ықпалына ұшырайтын аумақтарда кешенді экологиялық зерттеу және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Мұндай мониторинг қалыпты ұшырылым жағдайында да, сол сияқты апаттық жағдайларда да жүргізіліп отырады. Бұдан бөлек, біз "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан ғарыштық мақсаттағы зымырандардыӊ ұшырылымын экологиялық тұрғыда сүйемелдеу және ғарыш айлағы нысандарына жақын орналасқан аумақтардағы қоршаған орта мен адамдардыӊ денсаулығына динамикалық қадағалау жүргіземіз. Біздіӊ мамандарымыздыӊ қатысуымен зымырын-ғарыштық техниканы пайдаланудыӊ экологиялық зардаптарын жою жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, мұндай жұмыстар 2006 жылғы РС-20 "Днепр" құрлықаралық баллистикалық зымыранныӊ зымыран-тасығышы мен 2007 және 2013 жылдардағы "Протон-М" зымыран-тасығышыныӊ апаттары кезінде жүргізілді. Бұл жұмыстардыӊ барлығы зымыран отыныныӊ құрамдас бөлшектерімен ластану деӊгейін анықтау үшін жүргізілуде. Тиімді бағалау мақсатында қоршаған табиғи орта нысандарындағы олардыӊ қауіпсіз мөлшерініӊ нормативтері белгіленді. Кәсіпорын іс-қызметініӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі ғарыштық қызметтіӊ экологиялық нормалары жүйесін құруға бағытталған ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу, заманауи экологиялық талаптарға сәйкес қазіргі бар нормативтерді жетілдіру және жаӊасын әзірлеу болып табылады.

Нормативтік-әдістемелік база құру бойынша зерттеулердіӊ шеӊберінде зымыран тасығыштардыӊ ұшырылымдарыныӊ қоршаған орта ахуалына әсері, зымыран отыныныӊ құрамдас бөлшектерініӊ трансформациялану және табиғи орта нысандарында жинақталу механизмі зерделенуде. Сондай-ақ, біздіӊ орталықтыӊ мамандары зымыран отыны мен оныӊ трансформациялану өнімдерініӊ топырақтағы мөлшерініӊ шекті-мүмкін шамасыныӊ экологиялық-гигиеналық нормативтерініӊ ғылыми негіздемесін жасайды, кейін олар іс жүзіне енгізіледі. Мұнда біз бұл қосылыстарды анықтаудыӊ жоғарғы дәлдіктегі әдістемелерін, сондай-ақ, олардыӊ техногендік әсерге тұрлаулылығын бағалауға негіздей отырып, зымырын-ғарыш іс-қызметініӊ қоршаған орта нысандарына әсерініӊ нормасын жасауға қатысты көзқарастарды әзірлейміз. Исіресе зымыран отынымен ластанған топырақты тазартудыӊ (уытсыздандырудыӊ) экологиялық қауіпсіз тәсілдерін жасақтау мен қолданысқа енгізуге баса назар аударылады.


Kazakhstan Today: Көп жылдық мәліметтерді талдау негізінде Байқоӊыр орналасқан аймақтағы ұшырылымдарға және зымыран тасығыштардыӊ бөлінетін бөлшектерініӊ құлау аймақтарында жүргізілген экологиялық мониторинг нәтижелері туралы не айта аласыз? Жергілікті тұрғындардыӊ зымыран тасығыштардыӊ ұшырылымдарына қатысты алаӊдаушылықтары негізді ме әлде аталған аудандардағы экологиялық көрсеткіштер норма шегінде ме?

Жұбатов: "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан әрбір зымыран тасығыш ұшырылғанда оларды экологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Бүгінгі күнге Ресей тарапымен бірлесе отырып зымыран тасығыштардыӊ 158 ұшырылымына, оныӊ ішінде "Протон" зымыран тасығышыныӊ 96, "Союз" зымыран тасығышыныӊ 33; "Зенит" зымыран тасығышыныӊ 11; РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыраныныӊ 15 және РС-18На құрлықаралық баллистикалық зымыраныныӊ 3 ұшырылымына экологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл орайда зымыран тасығыштардыӊ бөлінетін бөлшектері құлайтын 20 аймақта зымырын-ғарыш іс-қызметіне экологиялық тұрлаулылық анықталған. Ғарыш айлағы орналасқан аумақта санитарлық қорғаныс аймақтарыныӊ шекарасында, жанармай тарату бекеттерінде, техникалық және ұшыру кешендері аймағында "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы Байқоӊыр қаласындағы өкілдігініӊ мамандары ресейлік мамандармен бірлесіп ауаныӊ, топырақтыӊ және қардыӊ жанармай құю кезіндегі және одан кейінгі, сондай-ақ, зымыран тасығыштыӊ ұшырылымынан кейінгі ластану деӊгейін қадағалайды.

Қоршаған орта нысандарынан алынған сынамаларды көп жылдар бойы сандық химиялық талдау көрсетіп отырғандай, позициялық ауданда қалыпты жағдайдағы ұшырылымдар кезінде зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктерініӊ мөлшері белгіленген нормалардыӊ шегінде екені анықталды. Ал құлау аймақтарына келсек, зымыран тасығыштыӊ бөлінетін бөліктері құлаған ауданда біздіӊ Жезқазғандағы өкілдік мамандарыныӊ қатысуымен ауадағы зымыран отыны құрамдас бөліктерініӊ мөлшерін экспресс-талдау және қоршаған орта нысандарынан, топырақтан, судан (қардан), өсімдіктерден сынамалар алу жүргізіледі. Бұл сынамалардыӊ құрамында гептил (НДМГ), нитрозодиметиламин (НДМА), нитрат және нитрит иондарыныӊ бар-жоқтығы тексеріледі және рН анықталады. Топырақта гептил концентрациясыныӊ шектелген мөлшерден артқандығы анықталған жағдайда Ресей тарапыныӊ күшімен уытсыздандыру жұмыстары жүргізіледі және бұдан әрі аталған учаске бақылауға алынады. Зымыран-ғарыштық іс-қызметтіӊ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған жұмыстардыӊ нәтижелері "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштардыӊ ұшырылымдары қалыпты жағдайда жүзеге асырылғанда елдімекендердіӊ қоршаған орта нысандарындағы зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктерініӊ мөлшері шектеулі концентрацияныӊ төӊірегінде қалып отыр деуге мүмкіндік береді.

Қазақстан және Ресей ғалымдарыныӊ зымыран тасығыштардыӊ бөлінетін бөліктері құлайтын ауданда жақын орналасқан жерлердегі елдімекендердегі қоршаған орта нысандарында қалдық гептил мөлшерініӊ болу мүмкіндігін қадағалау мақсатында жүргізіп келе жатқан көп жылдар бойғы мониторингініӊ нәтижесінде зымыран тасығыштарды ұшыруға байланысты ластанулардыӊ тұрғындар денсаулығына тікелей әсер ететіндігі дәлелденген жоқ. Су, топырақ, өсімдіктер мен ет-сүт өнімдерініӊ зерттелген нысандарынан гептилмен ластанудыӊ бірде-бір оқиғасы анықталмаған.

Осы орайда айта кетейін, 2015-2018 жылдары Байқоӊыр қаласы, Қармақшы ауданындағы Ақай ауылы мен Төретам және Қазалы кентінде, Сарыбұлақ және Сортүбек ауылдарында, сондай-ақ, 2013 жылы "Протон-М" зымыран-тасығышы апатқа ұшыраған ауданға жапсарлас жатқан салыстыру мақсатындағы Ийтеке би кентінде қоршаған орта бағаланды, ресми статистикалық мәліметтер бойынша демографиялық ахуал мен тұрғындардыӊ денсаулық жағдайы талданды, тұрғындардыӊ денсаулық ахуалына скрининг жүргізілді және тұрғындардыӊ денсаулық жағдайы мен апатқа байланысты болуы мүмкін қолайсыз факторлардыӊ арасындағы себеп-салдарлық байланыстар сараланды. Нәтижесінде, зерттелген елдімекендерден гептил мен оныӊ трансформациялану өнімдері табылған жоқ. Бұл аудандағы медициналық- демографиялық ахуал тұрлаулы қалыпта. Бұл ретте көптеген жылдар бойғы бақылаулардыӊ нәтижесінде зымыран тасығыштыӊ апаты болғанда тұрғындарға негізінен психоэмоциялық фактор әсер ететіні анықталды, ондайда адамдар денсаулығы үшін алаӊдап медициналық мекемелерге жүгінген кезде апатқа байланысы жоқ түрлі аурулар анықталады. Бұдан кейінгі жылдарда көрсеткіштердіӊ апатқа дейінгі тұрақты деӊгейге дейін біртіндеп төмендеу оқиғасы байқалып отыр. Қоршаған орта нысандары химиялық уланбаған жағдайда мұндай динамика ауру деӊгейіне ғарыштық мақсаттағы зымыранныӊ апатына байланысты психоэмоциялық, яғни стресс факторы ықпал ету мүмкіндігі туралы үлкен ықтималдықпен жорамал жасауға мүмкіндік береді.


Kazakhstan Today: Қалыптан тыс оқиғаларға жауап қату және осындай оқиғалардыӊ зардаптары туралы айтып берсеӊіз?

Жұбатов: Үкіметаралық келісімге сәйкес апат болған жерге біздіӊ кәсіорынныӊ жедел жұмыс тобы шұғыл аттанып, апаттыӊ залал-зардаптарын бағалауға және жоюға белсене атсалысады. Апатты жағдайда құлау болған жерлерде жыл сайын экологиялық мониторинг жүргізіледі. 2006 жылғы РС-20 "Днепр" құрлықаралық баллистикалық зымыраныныӊ және 2007 жылғы "Протон-М" зымыран-тасығышыныӊ апаттан құлаған жерлері 10 жылдан астам уақыттан бері қадағалануда. Апат болған жерлерде зымыран отыныныӊ құрамдас бөлшектерімен және оныӊ трансформациялану өнімдерімен топырақтыӊ, судыӊ және өсімдіктердіӊ қалдық ластану деӊгейі, сондай-ақ, топырақ және өсімдік қабатыныӊ қалпына келу үдерістерініӊ динамикасы жыл сайын бағаланады. Бұдан бөлек, жапсарлас аумақтардағы елдімекендердегі тұрғындардыӊ денсаулығы мен өмір сүру сапасы, топырақ, су және өсімдіктердіӊ жағдайы қадағаланады. 2013 жылдыӊ 2 шілдесінде "Протон-М" зымыран-тасығышыныӊ ұшырылымы кезінде апат болып, зымыран тасығыш "Байқоӊыр" ғарыш айлағы орналасқан аймаққа құлады. Сол кезде "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны зерттеу жұмыстарына және апаттыӊ зардаптарын жоюға қатысты. 2013 жылғы апаттыӊ салдарларын жоюда біздіӊ кәсіпорын мамандары әзірлеген құрамдастырылған технология пайдаланылды, ол гептилмен ластанған топырақты уытсыздандыруда өз тиімділігін көрсетті.

Kazakhsta Today: Зымырын-ғарыш іс-қызметініӊ ықпалына ұшырайтын аумақтарда экологиялық ахуалға келтірілетін залал-зардапты төмендету үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі? Қандай да бір қосымша іс-шаралар жоспарланды ма?

Жұбатов: Зымырын тасығыштардыӊ ұшырылымдары барлық кезеӊдерде бақыланады. Зымыран тасығыштыӊ бөлінетін бөлшектері құлайды деп белгіленген аймақта Ресей тарапыныӊ да ("Машиностроение" ғылыми-өндірістік бірлестігі Искери-өнеркәсіптік корпорациясы" Акционерлік қоғамыныӊ №1 базасы), сол секілді, Қазақстан тарапыныӊ ("Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ мамандары) топтары да жұмыс істейді. Жаз мезгілінде өсімдіктіӊ өртенуіне жол бермеу мақсатында өрт қауіпсіздігін күшейту шаралары қолданылады. Құлау аймағында қоршаған ортадан бірлесе сынама алынады. Топырақ сынамасына зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктерініӊ және трансформациялану өнімдерініӊ болуына қатысты талданады. Ауада азот диоксиді, күкірт диоксиді, НДМГ, көміртегі оксиді, азот оксиді, азот диоксиді, қаныққан көмірсутектердіӊ бар-жоғы тексеріледі.

Зымыран тасығыштардыӊ бөлінетін бөлшектерініӊ қалыпты ұшырылым кезінде құлаған және апатты жағдайда құлаған жерлерінен қоршаған орта нысандарынан зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктері шектелген шамаден артық мөлшерде табылған жағдайда уытсыздандыру шаралары жүргізіледі және ластану деӊгейі қауіпсіз көрсеткішке жеткенше бақылауда болады. Ластанған топырақты уытсыздандыру іс-шараларын Ресей тарапы жүргізеді.

Осы орайда айта кетейін, бактарына отынныӊ ауқымды кепілді қоры құйылатын "Протон-К" зымыран тасығышы 2012 жылы отын барынша толық жануға ұшырайтын "Протон-М" зымыран тасығышыныӊ модернизацияланған нұсқасына ауыстырылды. Соныӊ нәтижесінде зымыран тасығыштыӊ пайдаланылған бірінші сатылары құлайтын жерлердегі қалдық отынныӊ әсері азая түсті.

Сонымен қатар, "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан гептил зымыран отынымен жұмыс істейтін зымыран тысығыштардыӊ ұшырылымдарыныӊ санын азайту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, 2008 жылдан бастап - "Циклон-2" зымыран тасығышы; 2011 жылдан бастап - РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыраны; 2014 жылдан бастап - РС-18 құрлықаралық баллистикалық зымыраны секілді гептилмен жұмыс істейтін зымыран түрлерініӊ ұшырылымдары доғарылып, олар Ресей ғарыш айлақтарына ауыстырылды.

Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясыныӊ "Байқоӊыр" кешені бойынша шешіміне сәйкес 2014 жылы "Протон-М" зымыран тасығыштарыныӊ ұшырылымдарын кезеӊ-кезеӊмен қысқарту және оларды улылығы аз отынмен жұмыс істейтін зымыран тасығыштармен алмастыру және 2026 жылға таман "Протон-М" зымыран тасығыштарыныӊ ұшырылымдарын біржола тоқтату туралы уағдаластық жасалды, бұл Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Мәселен, 2015 жылы "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығыштарыныӊ 8 ұшырылымы, 2016 жылы - 3; 2017 жылы - 4 ұшырылымы жасалса, 2018 жылы әзірге бір ғана ұшырылым жүзеге асырылды.

Kazakhstan Today: Өз іс-қызметтеріӊізде қандай жаӊа технологиялар қолданасыздар? Цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр ма?

Жұбатов: "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны НДМГ (несимметричный диметилгидразин - симметриялық емес диметилгидразин) басқаша айтқанда, зымыран отыны - гептилмен ластанған топырақты құрамдастырылған әдіспен уытсыздандырудыӊ технологиялық регламентін әзірледі. Бұл ретте топырақты зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктерінен зарарсыздандыру технологиясы тұрақты жетілдіріле түсуде. Топырақты зымыран отыны - Т-1 керосинінен тазарту үшін 2014 жылы топырақ микроорганизмдерініӊ аборигендік штаммдарын қолданатын биологиялық тәсілге негізделген зарарсыздандыру әдісі ойлап табылды.

Қазақстан Республикасында бекітілген "Симметриялық емес диметилгидразинмен уланған топырақты уытсыздандырудыӊ технологиялық регламенті" мен "Зымыран отыны - Т-1 керосинімен уланған топырақты уытсыздандырудыӊ технологиялық регламенті" тәжірибе жүзінде қолдану үшін Ресей тарапына жолданды.

Сонымен бірге зымырын-ғарыш іс-қызметініӊ әсеріндегі аумақтардыӊ экологиялық ахуалын тиімді бағалау үшін экологиялық норма жасау жүйелерін жетілдіру түсу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Осы проблемаларды шешу үшін 2009-2015 жылдар аралығында "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны зымыран отыны - Т-1 керосиніне және гептилдіӊ топырақта трансформациялану өнімдеріне (НДМА, ТМТ, ДМА, ДМФА, МТ, гидразин, ТМА, МГ) арналған 9 гигиеналық норматив әзірленіп мемлекеттік деӊгейде бекітілді, оныӊ ішінде 8 норматив ҚР нормативтік құқықтық актілерініӊ регистріне енгізілді.

Қоршаған орта нысандарында зиянды заттардыӊ өлшемін жүргізудіӊ жаӊаша жоғары тиімді әдістемелерін әзірлемейінше, зымыран отыны және қоршаған орта нысандарында химиялық трансформациялану өнімдеріне қатысты экологиялық норма әзірлеу мүмкін емес. 2011 және 2017 жылдар аралығында "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны мынадай заттардыӊ өлшемдерін жүргізудіӊ 8 әдістемесін әзірлеп шығарды: сүттегі және топырақтағы симметриялық емес диметилгидразинді, сондай-ақ, топырақтағы оныӊ химиялық трансформациялану өнімдерін (нитрозодиметиламин, тетраметилтетразен, 1-метил-1Н-1,2,4-триазол, диметилформамид, диметиламин және формальдегид).

Идістемелердіӊ төртеуі Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік өлшемдер жүйесінде тіркелді. Зымыран тасығыштардыӊ бөлінетін бөлшектерініӊ құлау аймақтарына түсетін техногендік жүктемені бағалау үшін көршілес аумақтардағы тұрғындардыӊ денсаулық жағдайы мен өмір сүру сапасы көрсеткіштерін ескере отырып, "Зымырын-ғарыш іс-қызметініӊ әсеріне экологиялық тұрлаулылық критерийлерініӊ жүйесі" әзірленіп қолданысқа енгізілді.



Мемлекет басшысыныӊ отандық кәсіпорындардыӊ алдына қойған міндеттеріне сәйкес біздіӊ кәсіпорын мемлекеттік "Цифрлық Қазақстан" бағдарламвсын жүзеге асыруға белсене атсалысуға дайын. Цифрландыру бойынша ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болған іс-шаралардыӊ шеӊберінде біз кәсіпорындағы өндірістік үдерістерді цифрландыру деӊгейі мен бағыттарды айқындау тұрғысынан талдауға кірістік.

Атап айтқанда, кәсіпорынныӊ геоақпараттық жүйелер бөлімі "Байқоӊыр" ғарыш айлағыныӊ зымырын-ғарыштық іс-қызметініӊ әсері аясына жататын аумақтардағы экологиялық және әлеуметтік-гигиеналық зерттеулердіӊ нәтижелері бойынша мәліметтерді жинақтау, жүйелеу, сақтау, талдау және визуализациялауды жүзеге асырады.

Технологиялық үдеріс төрт кезеӊнен тұрады. Біріншісі - мәліметтерді жинақтау, жүйелеу және статистикалық талдау. Бөлімге келіп түсетін зертханалық зерттеулер нәтижелерініӊ мәліметтері мен далалық журналдардағы сипаттамалар шұғыл түрде тақырыптарға бөлінеді де, мәліметтер базасына енгізіледі (цифрлық форматқа көшіріледі). Бұдан кейін алынған сынамалардыӊ саны, мәліметтер базасындағы жазбалар саны, сондай-ақ, статистикалық сипаттамалар - концентрациялардыӊ еӊ жоғарғы және еӊ төменгі мәндері, зымыран отыныныӊ құрамдас бөлшектері және олардыӊ трансформациялану өнімдерініӊ гигиеналық нормативтерден асқан қоршаған орта нысандары бойынша сынамалар саны саналады. Екіншісі - кеӊістіктік мәліметтердіӊ талдаулары. Экспедициялық сапарлар кезінде GPS көмегімен алынған географиялық координаттарға сәйкес мәліметтер картографиялық негізге ауыстырылады. Мәліметтерді жергілікті жерлермен байланыстыру мәліметтердіӊ талдауларыныӊ мүмкіндіктерін арттырып, жаӊа мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Мәселен, ластанған топырақ қабатыныӊ алаӊдары, ластанған аумақтан еӊ жақын елдімекенге дейінгі арақашықтық және т.б. Сондай-ақ, ластанудыӊ таралу схемасы, оныӊ нақты орны анықталады. Үшіншісі - мәліметтерді визуализациялау. Бұл кезеӊге тақырыптық карталар мен схемалар жасау жатады. Зерттеулердіӊ нәтижелері картографиялық негізге ауыстырылады, картаға түсіріледі. Бұл оларға көрнекілік пен ақпараттылық сипат береді. Сондай-ақ, картаны қағазға басып шығару жүргізіледі. Төртіншісі - мәліметтерді сақтау. Жиналған және жүйеленген мәліметтер - мәліметтер базасында сақталады. Мәліметтерді қорғау үшін олар жеке тасымалдағыштарға жазылып, мұрағатта сақталады. Бұдан әрі олар мәліметтер базасынан анықтамалар алу үшін және жаӊа экспедициялық зерттеулер жоспарланғанда пайдаланылады.

Мониторингтік экологиялық экспедицияларды жоспарлау да геоақпараттық жүйелер бөлімініӊ мамандары жүзеге асыратын технологиялық үдерістіӊ маӊызды буыны болып табылады. Бірінші кезеӊде зерттеулер жоспарланып отырған аумақта, мәселен, зымыран тасығыштыӊ бөлінетін бөлшектерініӊ құлау аймақтарында алдағы жылдарда анықталған ластанулар туралы мәліметтер базасынан іріктеме жүргізіледі. Іріктемені картада көрсету ластану жинақталған орынды табуға және ластану деӊгейіне байланысты сынама алу схемасын, топырақ қималарыныӊ орналасу тереӊдігін анықтауға мүмкіндік береді. Топырақ және өсімдік қабатыныӊ картасын пайдаланған жағдайда зерттелетін жерлердегі топырақ түрі туралы бастапқы ақпарат алынады: топырақ пен өсімдіктіӊ түрі экспедиция кезінде нақтыланады. Су нысандарынан сынама алу нүктелерін жоспарлау үшін ArcGIS бағдарламалық жасақтамасында қолжетімді ғарыштық сурет түсірілімдері пайдаланылады: олар ArcMap жұмысшы бетіне онлайн режимінде жүктеледі. Екінші кезеӊде жергілікті жердіӊ өтімділігін және жол желісініӊ болу-болмауын ескере отырып экспедицияныӊ бағыты анықталады. Картаныӊ көмегімен сондай-ақ, экономикалық есептеулер үшін бағыттыӊ ұзақтығы анықталады. Илеуметтік- гигиеналық зерттеулер үшін карта бойынша құлау аймағына жапсарлас жатқан аймақта орналасқан елдімекендер, олардыӊ әкімшілік бағыныштылығы анықталады, бұл зерттеулерге қажетті тиісті рұқсаттарды алу үшін қажет. Халық санын анықтағаннан кейін бағдардыӊ бағыты мен ұзақтығы таӊдалады.

Бөлімде бұған қоса зерттелетін аумақтардыӊ цифрлық карталарын жасау жұмыстары да жүргізіледі. Сатып алынатын қағаздағы топографиялық негіздер векторлау жолымен цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл үдеріс аса көп еӊбекті талап етеді, бірақ дайын сандық карталар визуализация мен талдауға көптеген мүмкіндіктер береді, сондай-ақ, ақпарат сақтау және алмасуға ыӊғайлы.

Алға қойылған міндеттерді орындау үшін геоақпараттық жүйелер бөлімінде тиісті жабдықтардыӊ барлығы бар: Intel Core i7 3.4 GHz негізіндегі компьютерлер, принтер Color Laser Jet 5550, плоттер HP designjet 500, сканер HP designjet 815 mfp/4200; и лицензионное программное обеспечение: ArcGIS 10.1 for Desktop Advanced (ArcInfo), ArcGIS 10.1 Spatial Analyst for Desktop, MapInfo Professional 12.5, CorelDraw Graphics Suite X7 и Adobe Photoshop CS5 Extended.

Кәсіпорын жұмыс істеген мерзімде "Байқоӊыр" геоақпараттық жүйесі жасалған, бұл - "Байқоӊыр" ғарыш айлағыныӊ нысандары орналасқан аумақтардыӊ карталарын; "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан жүзеге асырылған ұшырылымдарды экологиялық сүйемелдеу нәтижелерін (2002 жылдан бастап); зымыран -ғарыштық қызметтіӊ әсеріне экологиялық тұрлаулылығын бағалай отырып құлау аймақтарыныӊ аумағын экологиялық зерттеу нәтижелерін; 2007 және 2013 жылдардағы "Протон-М" зымыран тасығыштары, 2006 жылғы РС-20 "Днепр" құрлықаралық баллистикалық зымыранныӊ зымыран тасығышыныӊ апаттары болған жерлерді экологиялық зерттеу нәтижелерін, оныӊ ішінде шұғыл зерттеу нәтижелері мен жыл сайынғы экологиялық мониторинг; апаттық құлау аймағында және құлау аймағына жапсарлас жатқан аудандардағы елдімекендер тұрғындарыныӊ денсаулық жағдайы мен қоршаған орта нысандарын зерттеу нәтижелерін қамтитын бірегей цифрлық мәліметтер банкі болып табылады.

Мәліметтер банкі жыл сайын толықтырыла түсуде. Ақпарат зымыран-ғарыштық іс-қызметтіӊ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылдауда өзекті болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны