19.08.2018, 13:02 4888

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ Академиясы шекарадан заӊсыз тауарларды өткізбеу бойынша оқу территориясыныӊ ашылуын атап өтті.

Жаӊа оқу орнында үш жүк көлігін қатар тексеретін гараж, бес вагондық теміржол перроны және де ұшақтыӊ оқу салоны бар. ҚР Шекара қызметініӊ Академиясы бұл оқу территориясын тыйым салынған тауарларды тасымалдау және құқық бұзушыларды тиімді ұстау тәсілдерін шындыққа жақын жағдайларда шекарашыларды даярлау үшін қолданады.

Астана. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ Академиясы шекарадан заӊсыз тауарларды өткізбеу бойынша оқу территориясыныӊ ашылуын атап өтті. Бұл тәжірибелік территория ҚР Шекара қызметініӊ Академиясыныӊ аумағында орналасқан және оныӊ салынуына АҚШ Мемлекеттік департаментініӊ Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасы ат салысты. Ашылу салтанатында ҚР-ғы АҚШ Елшісініӊ орынбасары Теодор Линг және ҚР Шекара қызметініӊ Директорыныӊ орынбасары, полковник Жұмабеков Даулет Бекжанұлы сөз сөйледі және шараға Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігініӊ өкілдері әрі ҚР Шекара қызметініӊ Академиясыныӊ қызметкерлері қатысты.

Жаӊа оқу орнында үш жүк көлігін қатар тексеретін гараж, бес вагондық теміржол перроны және де ұшақтыӊ оқу салоны бар. ҚР Шекара қызметініӊ Академиясы бұл оқу территориясын тыйым салынған тауарларды тасымалдау және құқық бұзушыларды тиімді ұстау тәсілдерін шындыққа жақын жағдайларда шекарашыларды даярлау үшін қолданады. Сонымен қатар, бұл оқу орны шекарашылардыӊ тәжірибе барысында және экстрималды жағдайда ортақ әрекеттерін әрі дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді. Шекара қызметініӊ Академиясы осы тәжірибелік территория арқылы шекарашыларды контрабанда арқылы жаппай жою қаруларды жасайтын материялдарды өткізуге жол бермеу тәсілдерін оқытады. Қазақстан курсанттарымен қоса жаӊа оқу орталығында Қырғызстанныӊ, Тәжікстанныӊ және Ауғанстанныӊ курсанттары да әр түрлі көліктерді тексеру тәсілдерін оқып, заӊсыз тауарларды өткізуге жол бермеу жолдарын үйрене алады.

Қазақстанныӊ ядролық қаруды таратылмауда және аумақтық қауіпсіздікте маӊызды рөл атқарғанын тану мақсатында АҚШ Мемлекеттік департаментініӊ Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасы бұл жобаға 2 миллион екі жүз мыӊ АҚШ долларын бөлген болатын.

"Бүгінгі шара екі елдіӊ арасындағы 25 жылдан астам бойы келе жатқан әсіресе қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты атап өтеді. Ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша Қазақстан дүниежүзі таныған лидері және біз Шекара қызметініӊ тыйым салынған тауарларды тауып, Қазақстан Республикасыныӊ шекарасы арқылы өткізбеу әрекеттерін қолдағанымызға қуаныштымыз",- деді ҚР-ғы АҚШ Елшісініӊ орынбасары Теодор Линг.

Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасы (ЭБШҚ) ядролық, химиялық және биологиялық қару-жарақты таратпау бағдарламасы шеӊберінде 1990-шы жылдары құрылды. ЭБШҚ мемлекеттерге экспорттық бақылау мен құқықты қолдану заӊдарын нығайтуға, әрі оныӊ ішінде ядролық, химиялық және биологиялық қару-жарақты жасайтын жабдықтар мен материалдық заттар саудаға түспей және де санкция астындағы режимдер мен террористік топтардыӊ қолдарына түсіп қалмау үшін шекаралық бақылау шараларын жүргізуге бағытталған. ЭБШҚ шекараныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және жаппай жою қаруы мен оныӊ іслеспе матариалдырыныӊ таралуын болдыртпау аясында Қазақстанныӊ Шекара қызметімен 2000 жылдан бері тығыз жұмыс істейді. Сол уақыттан бері шекарашыларға модульдік үйлер салынып, тапсырылды әрі тексермелеу және байланыс құралдырды, патрульдік катерлер мен оқу орталығы мен тәжірибелік оқу территориясы қолдануға берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны