26.06.2009, 14:22 2482

Қазақстандағы мұнайгаз кеніштерінде 2008 жылы 15 өрт шығып, олардан келген шығын көлемі 28 млн теңгені құрады - ТЖМ

Қазақстандағы мұнайгаз кеніштерінде 2008 жылы 15 өрт шығып, олардан келген шығын көлемі 28 млн теңгені құрады - ТЖМ

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы мұнайгаз кеніштерінде 2008 жылы 15 өрт шығып, олардан келген шығын көлемі 28 млн теңгені құрады. Бұл туралы 2009 жылдың 25 маусымында Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың төрағалығымен өткен Төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу жөніндегі мекемеаралық мемлекеттік комиссияның отырысында Өртке қарсы күрес қызметі комитетінің төрағасы Серік Иубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Серік Иубәкіровтың айтуынша, көмірсутегі шикізатын өндіру нысандары қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі ережелеріне бағынбауы 2008 жылы мұнайгаз кеніштерінде 15 өрт шығып, олардан келген шығын көлемі 28 млн теңгені құрауына алып келді. Өрттердің салдарынан үш адам қаза тапты.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде аталған нысандарда екі адамның өліміне алып келген үш өрт тіркелді.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, шаруашылық субъектілерінің мұнайгаз кешені нысандарында өрттердің алдын алу бойынша шаралар кешенін жүзеге асырғанына қарамастан, 2009 жылдың өткен мерзімінде мемлекеттік өрт бақылауы органдары көмірсутегі шикізаты кеніштерінде өрт қауісіздігі талаптарын бұзудың 647 оқиғасын анықтады. Заң бұзушылықтар үшін мұнайгаз компанияларының 157 лауазым иесі мен 15 заңды тұлғасына ақшалай айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге, Өртке қарсы күрес қызметі комитетінің төрағасының мәліметінше, құрылған бөлімшелер көп жағдайда өрт сөндіру техникасымен және жабдықтарымен қамтамасыз етілмеген. Атап айтсақ, ҚР үкіметінің Қызылорда облысы бойынша №949 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы күрес қызметтерінің іс-қызмет жүргізу ережелеріне сәйкес, "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ үшін қосымша 12 техника, "Торғай Петролеум"АҚ үшін 5 техника қажет. Атырау облысында "ТШО" ЖШС-іне 4 өрт сөндіру көлігі, "Жылыоймұнай"мұнайгаз өндіру басқармасына 2 техника қажет.

Жалпы алғанда еліміз бойынша мұнайгаз компанияларына қосымша 36 негізгі және 7 арнаулы өрт сөндіру техникасын сатып алу қажет, деді С. Иубәкіров.

Өз кезегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Серік Ахметовтың хабарлағанындай, жалпы ұзындығы 347 шақырымдық Лупинг САЦ-4 магистральдық газ құбыры салынып бітті. "Өзенмұнайгаз" ӨФ, "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ компанияларының өндірістік басқармаларында 2008 - 2009 жылдары 520 дана негізгі және мұнайгаз өндіру және бұрғылау жабдықтары алмастырылды немесе күрделі жөнделді.

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, кейбір мұнайгаз өндіруші компаниялар болған техникалық оқыс оқиғаларды жасыру оқиғалары бой көрсетіп қалады. Атап айтсақ, 2008 жылы ТЖМ органдарына "Сайпем С.П.А" компанияларының кемелерінің құбырлармен соғысқан екі оқиғасы жайлы хабар берілмеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны