05.06.2006, 19:14 2889

Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісім республиканың мүддесіне толық сай келеді – Ахметов

АСТАНА. 5-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін үкіметте Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісімнің жобасын қарауға арналған кеңес өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты құрылған арнаулы жұмыс тобы құжаттың мәтініне қатысты шаруаларды аяқтады.

“Изербайжан жағы ұсынылған үлгімен танысты. Олар тұжырымдамалық тұрғыда қарсылық білдірген жоқ. Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісім еліміздің мүддесіне толық сай келеді”,- деді республика үкімет басшысы Даниал Ахметов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісімге ағымдағы жылдың маусым айында Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары деңгейіндегі саммитте қол қойылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны