18.05.2015, 12:58 3702

Қазақстандық әскерилер ҰҚШҰ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштері құрамында аумақты зерделеп, барлау іс-қимылын өткізді

Тәжікстанныӊ аумағында орналасқан Қазақстандық әскери бөлімшелер жауынгерлік тұрғыда жинақталып, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы ЖІҰК құрамында жүктелген міндеттерді орындау үшін даярлықты жалғастырды

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Тәжікстанныӊ аумағында орналасқан Қазақстандық әскери бөлімшелер жауынгерлік тұрғыда жинақталып, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы ЖІҰК құрамында жүктелген міндеттерді орындау үшін даярлықты жалғастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Арнайы мақсаттағы десантшылар мен бөлімшелер аумақты зерделеп, барлау-іздестіру іс-қимылын өткізді. Қазақстанныӊ аумағынан Су-27 ұшағы ұшырылып, арнайы мақсаттар бойынша әуе соққыларын беру мәселелері пысықталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ұжымдық күштер басшылығымен штабтық жаттығулар өткізілді.

Искери жаттығу барысында Тәжікстан Республикасыныӊ мемлекеттік шекарасын паналаған ЖІҰК топтарын басқару жөніндегі іс-қимыл пысықталды.

Жедел жағдайлар туралы және міндеттерді орындау барысы туралы ақпарат онлайн-жүйесімен Астана қаласында орналасқан Қарулы Күштердіӊ Бас штабыныӊ Стратегиялық басқару орталығына беріледі.

Сонымен қатар "Мәтібұлақ" полигонында өткізілетін іс-шаралар аясында ҰҚШҰ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштері құрамына кіретін артиллерия бөлімшелерініӊ атысы өткізіледі.

Естеріӊізге сала кетсек, қазіргі уақытта қазақстандық әскери бөлімшелер жауынгерлік даярлықты қауырт тексеру барысында "Харбмайдон" (Тәжікстан Республикасы) оқу-жаттығу полигонында бөлімшелердіӊ жауынгерлік тұрғыда жинақталуын өткізуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны