05.03.2010, 17:16 3285

Қазақстандық дәрігерлердің біліктілік деңгейі австриялық медбикелердің деңгейінен төмен - Қазақстан президенті

Қазақстандық дәрігерлердің біліктілік деңгейі австриялық медбикелердің деңгейінен төмен - Қазақстан президенті

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық дәрігерлердің біліктілік деңгейі австриялық медбикелердің деңгейінен төмен деп атап көрсетті. Бұл туралы ол бүгін Ақордада әйелдер қауымының өкілдерімен кездесу кезінде атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Медициналық орталықтар кешенін австриялық компанияның басқаруына бергенімізде, олар Австриядан дәрігерлерді, медбикелерді алып келді. Біздің дәрігерлеріміздің біліктілік деңгейі осында келген австриялық медбикелердің деңгейінен төмен ", - деді Н. Назарбаев.

Осыған байланысты Қазақстан президенті мамандарды дайындау деңгейін, білім сапасын көтеру қажеттігіне аударды. "Біздің университеттердің өкпесі болмауға тиіс, олардың бағдарламалары мүлдем жарамайды. Мен бұл туралы айтсам, өкпелейді. Олар түрлі университеттермен келісім-шарттар жасасады да, маған айтады: "Біз көтерілдік", дейді. Бірақ мүлдем олай емес", - деді ол.

"Ирине, мұндай мамандар бізге керек, бірақ біз мүлдем басқаша деңгейді тауып көргіміз келеді", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанда түрлі деңгейдегі мамандарды дайындау сапасын көтеруге қажетті жағдайлардың бәрі бар. "1 шілдеде жаңа халықаралық университетті ашамыз... үш бірдей суперзертхана салып жатырыз, АҚШ пен Батыстан жабдықтар алып орнаттық", - деді ол.

Мемлекет басшысы сонымен бірге барлық жастар мен студенттерге "уақытты құр босқа өткізбеуге" кеңес берді. "Біздің жастарымыздың армандары асқақ болуға тиіс, отаншылдық сезімі Қазақстанды аяғынан тік тұрғыза аламыз деген асқаралы оймен тоғысып жатуы керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны