03.02.2014, 21:22 3379

Қазақстандық экспозиция Стамбулдағы ЕMITT-2014 халықаралық туристік көрмесі үздіктерінің қатарынан табылды

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, EMITT-2014 көрмесінде Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау мен Маңғыстау облыстары таныстырды.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің стенді Стамбулдағы EMITT-2014 көрмесінде "Ең ерекше стенд" номинациясын жеңіп алды.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, EMITT-2014 көрмесінде Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау мен Маңғыстау облыстары таныстырды.

Түркиядағы қазақстандық экспозиция қонақтарға Астанада өтетін ЭКСПО-2017 жылы өтетін халықаралық мамандандырылған көрмесімен таныстырды. Қатысушылар туризм саласындағы соңғы жетістіктер мен жасалынған жұмыстарды, тауар мен қызмет түрлерін ұсынды.

Қорытынды бойынша, қазақстандық стенд "EMITT-2014 көрмесінің ең ерекше стенді" номинациясын жеңіп алды.

Айта кету керек, 2014 жылы Стамбулдағы көрмеде 4 мыңнан астам өкіл қатысты. Ал көрмеге келген қонақтардың ұзын саны 150 мыңды құрап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны