22.08.2018, 20:19 5106

Қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенініӊ кәсіпорындары "Искер-2018" Халықаралық форумда өз өнімдерін ұсынды

2018 жылдыӊ 21 тамызда Мәскеу облысыныӊ Кубинка қаласында ашылған "Искер-2018" IV Халықаралық әскери-техникалық форумыныӊ жұмысына Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенініӊ (ҚӨК) кәсіпорындары қатысты.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 21 тамызда Мәскеу облысыныӊ Кубинка қаласында ашылған "Искер-2018" IV Халықаралық әскери-техникалық форумыныӊ жұмысына Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенініӊ (ҚӨК) кәсіпорындары қатысты.

Қазақстандық стенд 200 шаршы метрден астам ауданды алып отыр, онда отандық компаниялар әскери және екі мақсаттағы өнімдерініӊ 120-дан астам үлгілер мен макеттерін орналастырды.

Айта кету жөн, ҚӨК отандық кәсіпорындар бұл форумға үшінші жыл қатысып, экспорттық потенциалы бар қару-жарақ пен әскери техниканыӊ жаӊа үлгілерін ұсынуда.

Ұлттық көрме экспозициясына "КАЕ" ЖШС, "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ, "Тыныс" АҚ, "Семей инжиниринг" АҚ, "Казспецэкпорт" РМК, "405 авиажөндеу зауыты" АҚ және ҚӨК саласыныӊ басқа да компаниялары қатысты.

"КАЕ" ЖШС-тіӊ Электрондық-оптикалық өнімін шығаратын зауыты көрмеде тепловизиялық құралдар үшін инфрақызыл линзаларды және радиобайланыстыӊ кәсіби құралдарын ұсынды.

"С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ әмбебап полигон құрал-жабдығын көрсетті. Оныӊ құрамында мақсатты қондырғылар, төрлі өлшемдегі мақсаттар, басқару блоктар, сондай-ақ радиорелейлік станциялар болды.

"Семей инжиниринг" кәсіпорны жаӊғыртылған брондалған танк техникасы мен конверсионды техниканыӊ макеттерін, оныӊ ішінде Т-72 танкі, ЖИЖМ және БТР-80 негізінде жасалған жөндеу-эвакуациялық пен барлау-бақылау машиналарын ұсынған.

"Тыныс" АҚ "Искер-2018" форумында әуе өнеркәсібі үшін құрамдас бөлшектерін және әскери амуницияны: бронежилет, брондалған жүйелер, қорғаныш плиталар, дулығалар және басқа да өнімдерін көрсетті.

Форум барысында қазақстандық делегация шетел әріптестермен бірқатар келіссөздер өткізу жоспарлап отыр.

Анықтама: "Искер-2018" Халықаралық әскери-техникалық форум дәстүрлі түрде Мәскеу облысыныӊ (РФ) Алабино полигоны және Кубинка аэродромыныӊ "Патриот" конгресс-көрме орталығыныӊ аумағында 2018 жылдыӊ 21-26 тамыз аралығында өтуде. Форум ұйымдастырушысы - РФ Қорғаныс министрлігі. "Искер-2018" форум шеӊберінде әскери техниканыӊ ауада, жерде және судағы мүмкіндіктері көрсетіледі, сондай-ақ кеӊ ауқымды ғылыми-іскерлік бағдарлама өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны