28.02.2007, 13:17 3423

Қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби біліктілігі - білім саласындағы реформалардың басты критерийі болуға тиіс - президент

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби біліктілігі - білім саласындағы реформалардың басты критерийі болуға тиіс. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында мәлімдеді деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Білім беру саласындағы реформалардың табысқа жетуінің басты критерийі тиісті білім игеріп, біліктілікке жеткен еліміздің кез-келген азаматы дүниежүзінің кез-келген елінде сұранысқа ие маманға айналатындай деңгейге жету болып табылады",- деді президент. "Біз еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беретін сапалы қызметке қол жеткізуге тиіспіз. Біз оқу орындарын әлемдік стандарттар деңгейінде аккредитациялау мен аттестациялаудың ықпалды жүйесін құруымыз қажет",- деді президент.

Н.Назарбаевтың пікірінше, "жаңаша даму кезеңінде жоғары біәлім беру саласында іргелі және инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту міндетті шарт болып табылады". "Біз жоғары технологияларды қолданысқа енгізу мен инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегияны жүзеге асыратын боламыз. Қазіргі қарыштап дамыған , әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне белсенді интеграцияланған барлық елдер "ақылды экономиканы" бағдар етіп алды. Ал оны құру үшін бірінші кезекте өз еліміздегі адами капиталды дамыту қажет",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны