12.06.2014, 21:40 2741

Қазақстандық метрологтар түрік әріптестерімен ынтымақтастық мәселелерді талқылады

Кездесу аясында қос тарап 2009 жылдың қазан айында Парижде метрология саласынды ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандум аясында серіктестік мәселелерін талқылады, деп ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінен хабарлады.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің, Қазақстан метрология институты "ҚазМетрИн" РМК, Қазақстан стандартизация және сертификаттау институты "ҚазИнСт" РМК, "Қазатомпром" АҚ, "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ басшылары жұмыс сапарымен Түркияның Гебзе қаласындағы Түрік метрология институты "T?BITAK UME" барып қайтты.

Кездесу аясында қос тарап 2009 жылдың қазан айында Парижде метрология саласынды ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандум аясында серіктестік мәселелерін талқылады, деп ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінен хабарлады.

ҚР ИЖТМ ТРМК төрағасы Біржан Қанешев өз сөзінде Түрік метрология институтының жетістіктеріне жоғары баға беріп, Қазақстан осы салада бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Тараптар өзара метрологияның әр елде даму барысы, оның нақты бағыттары және іс-тәжірибеден өту, оқу мәселелеріне қатысты ақпараттармен бөлісті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны