22.05.2007, 15:02 2905

Қазақстандық шекарашылар Қырғызстан азаматынан 2 кг героин тәркіледі

АСТАНА. 22- мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Қырғызстан азаматынан 2 кг героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Қарасу" шекаралық бақылау бөлімшесінде жасақ қарауылы Қырғызстанның екі азаматын құрықтаған. Шекарашылардың мәліметтеріне сүйенсек, олар "КамАЗ" жүк көлігімен Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған.

"Жүк көлігін тексеру барасында орындық астынан есірткі салып, скотчпен ораған дорба табылған. Сараптама табылған заттың жалпы салмағы 2 кг 880 грамм героин екендігін көрсетіп отыр",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны