14.05.2007, 13:32 2797

Қазақстандық шекарашылар Қырғызстан азаматынан героин топтамасын тәркіледі

АСТАНА. 14 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Қырғызстан азаматынан героин топтамасын тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, "Қордай" шекара бақылау бөлімшесінде Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған әйел құжатты тексеру кезінде шекарашалырдың назарын өзіне аударған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Шекарашылардың ақпараттарына сүйенсек, қосымша тексеру барысында ұсталған азамташаның денесіне скотчпен жапсырылған дорбаға салынған есірткі табылған. "Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 870 грамнан астам героин екендігін анықтады",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны