25.02.2009, 17:19 2802

Қазақстандық шекарашылар заңсыз балық аулап жүрген Изербайжан кемесін ұстады

Қазақстандық шекарашылар заңсыз балық аулап жүрген Изербайжан кемесін ұстады

Алматы. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар заңсыз балық аулап жүрген Изербайжан кемесін ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "24 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жағалау күзеті жөніндегі өңірлік басқармасының шекарашылары Каспий теңізінде, Қазақстанның аумақтық суларында Песчаный мүйісінің маңында Изербайжанның аңшылық-транспорттық "225-ЮРД" кемесін ұстады, онда аталған елдің сегіз азаматы болған".

"Шекарашылар кемеден бекіре тұқымдас 57 балық, 500 келі майшабақ, калада үлгісіндегі қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарын (34 жәшік) тапты", - делінген хабарламада.

"Изербайжан кемесінің экипажында бекіре тұқымдас балық аулауға құқық беретін лицензия болмаған. Шекарашылардың "Сақшы" кемесімен бірге аталған браконьерлік кеме Баутино айлағына тексерулерге жіберілді", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны