09.03.2016, 17:11 3442

Қазақстандық зауыт ҚР Қарулы Күштеріне теӊіз түбіндегі миналарды әзірлеуді жоспарлауда

"ЗИКСТО" АҚ қазақстандық зауыты Қазақстан Қарулы Күштерініӊ Искери-теӊіз күштері үшін теӊіз түбіндегі миналарды шығаруға дайын. Бірінші кезеӊде кәсіпорын еліміздіӊ ИТК үшін төрт тәжірибелі үлгіні әзірлеуді ұсынып отыр

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - "ЗИКСТО" АҚ қазақстандық зауыты Қазақстан Қарулы Күштерініӊ Искери-теӊіз күштері үшін теӊіз түбіндегі миналарды шығаруға дайын. Бірінші кезеӊде кәсіпорын еліміздіӊ ИТК үшін төрт тәжірибелі үлгіні әзірлеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінгі күні шартты қарсылас десантыныӊ түсіруінен Каспий теӊізініӊ су айдынын қорғау тұжырымдамасы мәселелері талқылануда. Мұнда зауытымыз өндіретін үлгілер қолданылады. Илбетте, біз оларды толық пысықтаймыз. Сынамадан кейін пысықтау кезінде Каспий жағалауларын қорғау үшін аталмыш үлгілерді пайдалануға болады", - дейді "Зиксто" АҚ-тыӊ бас директоры Валерий Спицын, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Осы бағыт шеӊберінде зауыт басшылығы мен ҚР Искери-теӊіз күштерініӊ қолбасшылығы арасында бұдан бұрын сынамадан өткізу және жеке құрамды теӊіз миналарын пайдалану ережелеріне оқыту үшін миналарды ықтимал дайындау туралы келіссөздер жүргізілген болатын.

Оӊ шешім болған жағдайда кәсіпорын өнімніӊ аталған түрін әрі қарай сериялық өндіру үшін бұйымдарды толық пысықтау жөнінде жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын басшылығыныӊ айтуынша, қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі және "Қазақстан инжинирнинг" АҚ-пен өзара ынтымақтастығымыздыӊ арқасында зауытпен жұмыс жүргізіліп, 2015 жылы осы миналардыӊ екі үлгісін жеткізуге Ресей Федерциясымен келісімшартқа қол қойылды.

Теӊіз түбіндегі миналар - бұл теӊіз миналарыныӊ бір түрі. Олар теӊіз түбіне орнатылады және миналар үстінде өтетін магниттік, акустикалық немесе кеменіӊ өзге де физикалық алаӊыныӊ әсер етуінен іске қосылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны