27.01.2011, 17:47 3800

Қазақстанға мүлдем қоныс аудармаған "оралмандарды" тіркеу нәтижесінде бюджетке 80 млн. теңге шығын келген

Қазақстанға мүлдем қоныс аудармаған "оралмандарды" тіркеу нәтижесінде бюджетке 80 млн. теңге шығын келген. Бұл туралы бүгін бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 27 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанға мүлдем қоныс аудармаған "оралмандарды" тіркеу нәтижесінде бюджетке 80 млн. теңге шығын келген. Бұл туралы бүгін бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, еліміздің көші-қон мамандары оралмандардың республика аумағына келудің 360 жалған фактісін тіркеп, 80 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырған.

Оның хабарлауынша, тек Қостанай облысында ғана осындай заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 40 млн. теңгені құрады. "Онда оралман азаматтарға арналған біржолғы жәрдемақы Моңғолия және Өзбекстаннан келген 300 адамға жазылған. Бірақ олардың бірде-біреуі де мемлекеттік шекарадан өтпеген", - дейді Ж.Өмірәлиев.

Ал Ақтөбе облысында оралмандарды алдап-арбау арқылы оларға тиесілі 1 млн. теңгені иеленген топ ұсталды. Қазіргі кезде тек осы іс бойынша ғана қылмыстық іс қозғалып отыр. ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі атап көрсеткендей, осы және басқа да заң бұзу фактілеріне көші-қон саласының қызметкерлері жол берген. "Бұл жерде басшылықтың да жіберген қателіктері жоқ емес", - дейді Ж.Өмірәлиев.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасы "Нұрлы көш" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкімет басшысына бірқатар ұсыныстарды енгізуді көздеп отыр. Сондай-ақ осы мәселелер бүгін ҚР Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде талқыланатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны