02.08.2012, 13:49 3218

Қазақстанға запастағы 179 офицер әскери қызметке шақырылады

Биыл Қазақстанда запастағы 179 офицер екі жылдық әскери қызметке шақырылады.

Алматы. 2-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанға запастағы 179 офицер әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биыл Қазақстанда запастағы 179 офицер екі жылдық әскери қызметке шақырылады.

Үкіметтің 28-сәуірде қабылдаған қаулысы бейсенбі күні ресми БАҚ беттерінде жарияланды және он күннен кейін күшіне енеді.

Құжатқа сүйенсек, биыл әскерге шақырылатын 179 офицердің 33-і мотоатқыштар әскеріне, 3-еуі - химия, 16-сы - инженерлік бөлімге, 5-еуі - тәрбие және құқықтық жұмыстарға, 1 офицер - психолог қызметіне, 5 офицер - заңгер ретінде, 3 офицер - зымыран-арттиллерия бөлімшесіне, 5 заңгер-офицер әскери прокуратураға, 99 офицер ҰҚК шекара қызметіне, 9 оциер ТЖМ әскері қатарына алынбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны