10.07.2012, 12:53 2756

Қазақстан-қырғыз шекарасында қайтадан салынған "Қарасу" бақылау-өткізу бекеті іске қосылды

Қазақстан-қырғыз шекарасында қайтадан салынған "Қарасу" бақылау-өткізу бекеті іске қосылды. Ол екі ел азаматтарының кедендік бақылаудан өтуін айтарлықтай жылдамдатады.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан-қырғыз шекарасында қайтадан салынған "Қарасу" бақылау-өткізу бекеті іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан-қырғыз шекарасында қайтадан салынған "Қарасу" бақылау-өткізу бекеті іске қосылды. Ол екі ел азаматтарының кедендік бақылаудан өтуін айтарлықтай жылдамдатады.

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, коммерциялық мақсатты көздемеген шекарадан өтуші жеке тұлғалар, бірінші кезекте туристер шекараны еш кедергісіз, жылдам өте алады. Ал бизнеспен айналысып, шекарадан тұтынушылық тауарларды алып өтетін сыртқы экономикалық қызмет өкілдері үшін бөлек ережелер орнатылған. 50 келіге дейінгі жүгі үшін 1500 еуро төлегісі келмейтін бизнесмендер жүкті бөліп-бөліп, алып өтетін адамдарды жалдайды. Идетте ондай адамдар саны 250-350 адамға дейін барады. Осындай адамдар жүкті шекарадан шығарып беру кезінде ұзыннан-ұзақ кезектер туғызады. Тауарды салықсыз алып өткісі келетіндерден қарапайым азаматтар мен туристерді ажыратуға бірлескен кедендік бақылау көмектеседі. Ол Қазақстан мен Қырғызстан кедендік қызметтері арасында арнайы хаттамаға қол қойылғаннан кейін қолға алынады. Енді өткізу бекеттері заманауи техникалық құралдармен: инспекциялық-тексеру кешендерімен, тауарлар жеткізілімін бақылаудың автоматталған жүйелерімен және электронды өткізу бекеттерімен жабдықталған. Олар қаптамаларын ашпастан жарылғыш және есірткі заттарды, қару мен бағалы металдарды табуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстан-қырғыз шекарасын 40 мың адам мен 4 мыңға жуық көлік кесіп өтеді. Жазғы мезгілдерде олардың саны арта түседі. Сондықтан шекарадағы өткізу бекеттерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету - кедендік органдардың бірінші кезектегі мәселесіне айналып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны