15.02.2013, 10:04 3040

Қазақстанның аграрлық кәсіпорындары үшін биоагенттердің бағасын төмендету жоспарлануда

"2014 жылдан бастап ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін мақтаны өңдеуге арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың, 2016 жылдан бастап ашық және жабық топырақтардың көкеніс, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттер мен биопрепараттардың бағасын арзандату жоспарлануда",- деді А.Мамытбеков.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - 2014 жылдан бастап Қазақстандағы фитосанитарлық қауіпсіздікті дамыту аясында ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін биоагенттер мен биопрепараттардың бағасын төмендету жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков хабарлады.

"2014 жылдан бастап ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін мақтаны өңдеуге арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың, 2016 жылдан бастап ашық және жабық топырақтардың көкеніс, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттер мен биопрепараттардың бағасын арзандату жоспарлануда",- деді А.Мамытбеков.

Сонымен қатар, ол аса қауіпті зиянды организмдермен күрестің қауіпсіз әдістерін енгізу аясында мақта, көкеніс, жүзімдік және басқа дақылдардың негізгі зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық әдісін енгізу үшін нормативтер жасап шығарылатынын атап өтті.

Ауыл шаруашылық министрлігі мәліметі бойынша, жыл сайын химиялық өңдеудің тиімділігін 0,2%-ға арттыру арқылы 2020 жылға қарай карантин мен аса қауіпті организмдердің тарау қаупі коэффициентін 0,88-ге дейін төмендету жоспарланған.

Өз алдына мал дәрігерлік қауіпсіздік аясында халықаралық сарапшылармен бірге ДСҰ-на кіру есебімен мал дәрігерлік заңнамасын үйлестіру және жетілдіру жүргізіледі.

Мал дәрігерлік ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру, GMP стандартына сәйкес келетін мал дәрігерлік препараттарды, диагностикумдар мен азықтық қосымшаларды өндіруді енгізу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылық басшысы "ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы мал дәрігерлігі саласындағы процестерді тиімді басқару, өміршеңдік кезең тізбегі бойынша "фермадан үстелге дейін" принципі негізінде өнімдерді қадағалау, сонымен қатар бақылау және эпизоотикалық мониторинг жүргізу, жұқпалы аурулардың тарауын болжап әрі математикалық модельдеу мүмкін болатынын" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны