09.10.2006, 16:40 2870

Қазақстанның арнаулы қызметтері арнайы шара барысында 66,5 килограмм героин мен 197 килограмм апиынды заңсыз айналымнан шығарды

АСТАНА. 9-қазан. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері көршілес елдердің арнаулы қызметтерінің қатысуымен халықаралық қылмыстық топтан 66,5 килограмм героин мен 197 килограмм апиын тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"6-қазан күні таңертең Алматы қалалық ҰҚК департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемдегі есірткі партиясын бақылау аясында ақырғы жеткізу кезеңінде бес адамнан құралған халықаралық есірткі тасымалдаушы қылмыстық топты құрықтады. Бес адамнан құралған топта арнаның негізін қалаушы жетекшісі мен Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан азаматтарынан тұратын сыбайластары бар",- деп хабарлайды ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Шетелдік әріптестерімен бірге өткізген арнаулы шара барысында арнаулы қызмет 263,5 кг жоғары сапалы ауған героині мен апиынын, соның ішінде 66,5 килограмм героин мен 197 килограмм апиын тәркіледі.

Арнаулы қызметтің ақпаратына сәйкес, есірткі партиясы контрабандалық жолмен Тәжікстан және Өзбекстан аумағы арқылы жүзіммен бірге жеткізілген.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы алғанда 20-қыркүйектен бері еліміздің ұлттық қауіпсіздік мекемелері 69 кг героин, 130 килограмм марихуана, 200 килограмм апиын тәркіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны