07.07.2016, 13:40 3842

Қазақстанныӊ әскери жоғарғы оқу орындары 20-шілдеден курсанттарды іріктеуді бастайды

Еліміздіӊ әскери оқу орындары Қазақстанныӊ әр аймағынан келген абитуренттерді қарсы алуға дайындық үстінде. 20-шілдеден бастап құжаттарын тапсырған және медициналық комиссиядан өткен үміткерлер іріктеудіӊ өзге кезеӊдерінен өту үшін әскери жоғарғы оқу орындарына келе бастайды

Астана. 7 шілде. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ әскери оқу орындары Қазақстанныӊ әр аймағынан келген абитуренттерді қарсы алуға дайындық үстінде. 20-шілдеден бастап құжаттарын тапсырған және медициналық комиссиядан өткен үміткерлер іріктеудіӊ өзге кезеӊдерінен өту үшін әскери жоғарғы оқу орындарына келе бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Талапкерлерді оқу ғимаратына орналастырып, жабдықтау қағидасына сәйкес тамақтандырумен қамтамасыз етеді. Искери ЖОО-ға түсу үшін жасөспірімніӊ денсаулығы көрсетілген талаптарға сай жақсы болуы және ҰБТ бойынша төрт пәннен 50 баллдан кем болмауы қажет. Искери оқу орындарына азаматтық тұлғалармен қатар ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері де түсе алады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Іріктеу бірнеше кезеӊдерден тұрады. Алғашқы іріктеу кезеӊі - алдын ала медициналық куәландыру, бірінші кезеӊ - ЖОО-да өтетін алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу, екіншісі - дене даярлығын тексеру, үшінші кезеӊ - соӊғы медициналық куәландыру.

Төртінші кезеӊде талапкерлер соӊғы кәсіби-психологиялық ірітеуден өтеді. Ал одан кейін конкурстық іріктеу басталады. Оқуға қабылдаумен қорытынды жасалады. 21-ші тамызға дейін іріктеудіӊ барлық кезеӊінен мүдірмей өткен талапкерлерді оқуға түскендердіӊ тізіміне қосады. Естеріӊізге сала кетейік, жыл сайын ҚР Қорғаныс министрлігініӊ әскери жоғарғы оқу орындарына 1000-ға тарта қазақстандықтар оқуға түседі. Искери білім берудіӊ отандық жүйесін дамытып, жетілдіру және әскери кадрларды сапалы деӊгейде даярлау мақсатында тұрақты түрде оқытудыӊ жаӊа бағдарламалары енгізіліп іске асуда.

Осыныӊ арқасында Қорғаныс министрлігініӊ әскери білім беру мекемелерініӊ курсанттары бірінші курсты тәмамдаған соӊ оқуын шетелдік әскери оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, осы жылы жаӊа мамандық түрлері енгізілді.

Яғни, 2016-2017 оқу жылында Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институтында алғаш рет әскери-медициналық факультет құрылды. Сондай-ақ, Құрлық әскерлерініӊ Искери институтында "Искери істегі менеджмент", "Искери істегі логистика", "Искери істегі құқық" мамандықтары бойынша курсанттарды оқытуды бастайтын болады. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында "Искери істегі радиоэлектроника және инжиниринг" мамандығы бойынша білім беру жүргізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны