15.05.2009, 13:42 1615

Қазақстанның банк саласы еркін нарық жағдайындағы сыннан өтпеді - Назарбаев

"Банк секторы еркін нарық жағдайындағы сыннан өтпеді. Ол дағдарыс толқындарының нақты секторға таралуына түрткі болған тізбекті реакцияларды бастап берген сыртқы соққыны әкелушіге, жалғастырушыға айналды", - деді мемлекет басшысы. Оның айтуынша, "соның салдарынан дағдарыс жағдайында мемлекет әбден амал таусылғанда барып жүгінетін кредитор ретінде шығындарды өтеп беруге мәжбүр".

Астана. 15 мая. "Казахстан Сегодня" - Қазақстанның банк саласы еркін нарық жағдайындағы сыннан өтпеді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Банк секторы еркін нарық жағдайындағы сыннан өтпеді. Ол дағдарыс толқындарының нақты секторға таралуына түрткі болған тізбекті реакцияларды бастап берген сыртқы соққыны әкелушіге, жалғастырушыға айналды", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, "соның салдарынан дағдарыс жағдайында мемлекет әбден амал таусылғанда барып жүгінетін кредитор ретінде шығындарды өтеп беруге мәжбүр".

"Банкорттықтың аз-ақ алдында қалған банктерді құтқаруға, халықтың салымдарын сақтап қалуға, үлескерлерді қолдауға, шағын және орта бизнесті демеуге тура келді", - деді президент.

Елбасының пікірінше, атқарушы билік бұл жайттардан сабақ алуға, тиісті тұжырымдар жасауға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны