13.04.2015, 21:55 3868

Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумдарға қол қойылды

2015 жылғы 30 наурызда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойғанын бұрын хабарлағанбыз.

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап Қазақстанныӊ барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында әкімдіктер, ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетініӊ департаменттері мен фармацевтикалық қауымдастықтар арасында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы 30 наурызда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойғанын бұрын хабарлағанбыз.

Бұл құжатқа қол қою мақсаты халықтыӊ әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар және бөлшек сауданыӊ өкілдері 2015 жылғы 1 наурыздағы деӊгейінде бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды. Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердіӊ кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер және дәкелер.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны