07.11.2017, 19:48 4340

Қазақстанныӊ қасиетті жерлері BBC World News телеарнасында көрсетіле бастады

"Қазақстан аӊыздары" жарнамалық кампаниясы аясында, Қазақстанныӊ қасиетті жерлері - Айша бибі кесенесі, Қожа Ахмет Ясcауи кесенесі және археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған еӊ танымал жәдігер "Алтын адам" тарихы туралы түсірілген бейнероликтер, үстіміздегі жылдыӊ 4 қарашасынан бастап BBC World News телеарнасында көрсетіле бастады.

Алматы. 7 қараша. Kazakhstan Today - "Қазақстан аӊыздары" жарнамалық кампаниясы аясында, Қазақстанныӊ қасиетті жерлері - Айша бибі кесенесі, Қожа Ахмет Ясcауи кесенесі және археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған еӊ танымал жәдігер "Алтын адам" тарихы туралы түсірілген бейнероликтер, үстіміздегі жылдыӊ 4 қарашасынан бастап BBC World News телеарнасында көрсетіле бастады. Бейнероликтерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша BBC өкілдері және Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы бірлесіп түсірген.

Бейнероликтердіӊ түсірілімдері үстіміздегі жылдыӊ қыркүйек айында "Қазақфильм" киностудиясыныӊ территориясында және Есік, Үшқоӊыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен. Жобаны түсіруге отандық және шетелдік мамандар тартылған. Бейнероликтерге Оӊдасын Бесикбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес және басқалар түскен.

- Осы жылы көктемде Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында еліміздіӊ Үшінші жаӊғыруын орындау мақсатындағы басты жоба деп - "Қасиетті Қазақстан" жобасын атаған болатын. Ұлттық кодымыздыӊ негізі болып табылатын, халқымыздыӊ бай мұрасын және мәдениетін насихаттау үшін, "Қазақфильм" киностудиясы BBC World News телеарнасымен бірлесе отырып, "Қазақстан аӊыздары" атты жарнамалық кампанияны бастап кетті. Кампанияныӊ басты мақсаты - сыртқы және ішкі мәдени туризмді дамыту. Ол өз кезегінде әлемдік бәсекелестікке жол бастайды, - деді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ вице-президенті Серіп Жұбандықов.

Аннотация: Айша бибі және Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.

Илемде монументтердіӊ тұрғызылу тарихы ұмыт қалып жатады. Кейде туристерге немесе саяхатшыға монументтіӊ өзінен оныӊ тұрғызылу тарихы қызықтырақ болады. Және оныӊ мәдени және тарихи ескерткіш ретіндегі алатын орны туралы да ақпарат алғысы келеді. Қазақ халқы кесенелердіӊ бой көтеру тарихын сақтап келеді. Соныӊ арқасында бұл археологиялық ескерткіштер ұлттыӊ шын мәнісіндегі құндылығына айналады.

Аннотация: Алтын адам.

Алтын адам мен қазақ халқыныӊ бір аӊызында ұшырасатын - жас жауынгер Алтын-Айдарда ұқсастық бар. Бұл роликте режиссердіӊ концепциясы бойынша Алтын адам мен аӊыздағы Айдардыӊ бейнелері бір сарында өріледі.

Түсірілім тобы:

Режиссері: Дарья Чернова (Лондон)

Қоюшы операторы: Денис Аларкон-Рамирес (Мәскеу)

Қоюшы суретшісі: Бөпеш Жандаев

Костюм жөніндегі суретші: Елена Рубанова

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны