18.01.2008, 17:10 2988

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердегі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырмақ

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердегі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырмақ

Астана. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердегі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырмақ. Бұл туралы бүгін әскери полиция органдарының бастықтарымен өткен үшкүндік жиналыстың аяқталуы барысында Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің орынбасары Болат Жаңасаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Кемшіліктерді жоюды әскери полиция органдарының жұмыстарын қайта құрудан бастау қажет. Үстіміздегі жыл Қазақстан армиясындағы заңдылық пен әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыстардың сапалы жаңа кезеңінің бастамасы болатындығына сенімдімін",- деді Б. Жаңасаев.

Оның айтуынша, әскери басқару органдары мен әскери құқық қорғау органдарының қабылдап отырған шаралары тәртіп мәселелерінде кейбір оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берген. Соңғы жылдар ішінде заң бұзушылықтар мен қылмыстар санының тұрақты қарқынмен азайып келе жатқандығы байқалады.

Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша әскери қылмыстардың саны 17 пайызға, экономикалық қылмыстар 66 пайызға және жалпы қылмыстар 1 пайызға қысқарған.

Қылмыстар саны Ақмола гарнизонында 38 пайызға, Семей және Гвардейск гарнизондарында 31 пайызға, Приозерскде 50 пайызға, Сарыөзек гарнизонында 67 пайызға төмендеген. Өткен жылы Балқаш гарнизонында ешқандай қылмыс тіркелмеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны