27.01.2012, 12:59 3590

Қазақстанның негізгі шикізат активтері мемлекет меншігіне қайтарылады

"Енді акциялар пакетінің бәрі Қазақстанның меншігінде және де біз олармен жұмыс істейміз",

Астана. 27-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның негізгі шикізат активтері мемлекет меншігіне қайтарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.

"Бұрын сатылған активтердің айтарлықтай бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді Богатырь, Қарашығанақ, Қашаған кеніштері, ENRC және "Қазақмыс" сынды еліміздегі негізгі шикізат активтері мемлекет меншігінде", - деді Н.Назарбаев.

"Мен бірде жекешелендіру кезінде активтерді сатамыз, уақыты келгенде мемлекет меншігіне қайтарып аламыз деген болатынмын. Енді акциялар пакетінің бәрі Қазақстанның меншігінде және біз олармен жұмыс істейміз", - деп атап өтті президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны