17.09.2012, 11:04 6650

Қазақстанның өңделген өнімдерін 100-ден астам астам ел тұтынуда

"Қазақстандық өңделген өнімдерді тұтынушы елдердің саны 105 елді құрап отыр. Қазақстанның өңделген өнімдері жөнелтілетін елдердің алғашқы бестігіне Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария, Түркия және Жапония елдері кіреді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Астана. 17-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның өңделген өнімдерін 100-ден астам астам ел тұтынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның өңделген өнімдерін тұтынушы елдердің саны 105 мемлекетті құрады, деп хабарлады "Kaznex Invest" агенттігінің баспасөз қызметінен.

"Қазақстандық өңделген өнімдерді тұтынушы елдердің саны 105 елді құрап отыр. Қазақстанның өңделген өнімдері жөнелтілетін елдердің алғашқы бестігіне Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария, Түркия және Жапония елдері кіреді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өңірлерге жіктейтін болсақ, өңделген экспорттың Еуроодақ елдеріне жөнелтілген үлесі - 2,6 млрд. долларды, Қытай Халық Республикасына - 2,1 млрд. долларды, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына - 1,8 млрд. долларды құрайды. Бұлар - ферроқорытпа, мұнай өнімдері, газ өнімдері, рафинадталған мыс, уран, мырыш сияқты өнімдер.

Оған қоса, Орталық Азия елдеріне жөнелтілген Қазақстан экспортының көлемі 698 млн. долларды құрап отыр. Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдеріне ұн, газ, мұнай өнімдері, электр қуаты мен тыңайтқыш экспортталуда.

Айта кету керек, І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда өңделген тауарлардың экспорты 22 пайызға артып, 11,7 млрд. долларды құраса, шикізат емес тауарлар экспортының үлесі - 25,05 пайызды құрады.

Жалпы алғанда, І жартыжылдықта экспорт көлемі 46,8 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10 пайызға көп.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны