11.01.2007, 09:59 1542

Қазақстанның премьер министрі болып Кәрім Мәсімов тағайындалды- президент жарлығы

АСТАНА. 11- қаңтар. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті еліміздің үкімет басшысы лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды,-деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Жаңа премьер -министр Конституцияға сәйкес он күн ішінде президентке үкіметтің құрылымы мен құрамы жайында ұсыныс жасауы қажет. Сонымен қатар, премьер-министр тағайындаудан кейін бір айда парламентке үкіметтің бағдарламасы жайында баяндама әзірлеуі тиіс.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Даниал Ахметовтың үкіметінде жалғыз вице министр болған 41 жастағы Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын кеше қос палатаның бірлескен мәжілісінде Елбасының өзі ұсынған болатын. Депутаттар К.Мәсімовтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны