11.06.2013, 12:40 22673

Қазақстанның Премьер-Министрі С.Ахметов Австрия Экономика палатасының вице-президенті Рихард Шенцті қабылдады

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық байланыстар, оның ішінде Қазақстан мен Австрия іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандыру мәселелеріне баса көңіл бөлінді.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Австрия Экономика палатасының вице-президенті - Қазақстан-Австрия Іскерлік Кеңесінің тең төрағасы Рихард Шенцті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық байланыстар, оның ішінде Қазақстан мен Австрия іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандыру мәселелеріне баса көңіл бөлінді.

С.Ахметов Австрия Экономика палатасының тәжірибесін жоғары бағалай отырып, Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасын құру туралы заң жобасының Парламенттің қарауына берілгенін хабарлады. Мұндай бірлестіктің билік пен бизнестің арасындағы диалог үшін маңыздылығын атай отырып, Үкімет басшысы екі ел кәсіпкерлерінің ынтымақтастығын жан-жақты қолдайтынын айтты. "Бизнес топтардан түскен ұсыныстар Үкімет тарапынан қолдау табатын болады", - деді С.Ахметов.

Р.Шенц өз кезегінде, кездесу барысында екі ел кәсіпкерлері ынтымақтастықты дамыту бойынша идея, ұсыныстарымен бөліскен Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің бірінші отырысының табысты өткенін атап көрсетті. Р.Шенцтің айтуынша, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың өткен жылдың қазан айында Венаға сапары барысындағы келісімдердің жүзеге асырылуы екіжақты қарым-қатынасты, оның ішінде сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға зор үлес қосады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны