08.01.2007, 15:42 3062

Қазақстанның үкімет басшысы лауазымына Кәрім Мәсімовтың кандидатурасы ұсынылды

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның үкімет басшысы лауазымына Кәрім Мәсімовтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Кәрім Мәсімов 1965-жылы Целиноградта (қазіргі Астана) туған. Пекин тілдер институтын бітірді. 1991-жылы Ухань университетінің заңгерлік институтын, ал 1995-жылы Қазақ мемлекеттік басқару институтын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы. 1999-жылдың тамызында Нью-Йорктегі Колумбия бизнес мектебінің жоғары буын басқарушылары бағдарламасын тәмамдады. Орыс, ағылшын, қытай және араб тілдерін біледі.

Лауазымдық өсу баспалдақтарын ол 1991-жылы еңбек министрлігінен бастады. 1992-жылдың шілде айы мен 1995-жылдың сәуір айлары аралығында шетелдердегі бірқатар сауда ұйымдарының жұмысын басқарды. 1995-жылдың сәуірі мен 1997-жылдың тамыз айлары аралығында Алматы сауда-қаржы банкінің директорлары кеңесінің төрағасы, ал 1997-жылдың қыркүйек айынан 2000-жылдың тамыз айына дейін Қазақстан Халық банкінің директорлары кеңесінің төрағасы болды.

2001-жылдың қараша айы мен 2003-жылдың маусым айлары аралығында К.Мәсімов республика үкімет басшысының орынбасары, 2001-жылдың тамызы мен қарашасы аралығында көлік және коммуникация министрі лауазымын атқарды.

2003-жылдың маусымы мен 2006-жылдың қаңтары аралығында Қазақстан президентінің көмекшісі болды. 2006-жылдың қаңтар айында К.Мәсімов вице-премьер болып тағайындалды. Ал 2006 жылдың сәуірі мен қазан айлары аралығында экономика және бюджетті жоспарлау министрлігін қоса басқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны