21.02.2012, 15:33 2983

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының вице-президенті Р.Тұрсынбаев Канадада қолға түсті

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының вице-президенті Рүстем Тұрсынбаевтың Канадада ұсталғандығын растады.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының вице-президенті Р.Тұрсынбаев Канадада қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының вице-президенті Рүстем Тұрсынбаевтың Канадада ұсталғандығын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев атап өткендей, Сыртқы істер министрлігі Р.Тұрсынбаевтың Канадада ұсталғандығынан хабардар.

"Осыған дейін бұл азаматқа Интерпол желісі бойынша іздеу салынған болатын. Бұл мәселе бойынша Қазақстан мен Канаданың құқық қорғау органдары бірлескен қимылдарды жетілдіре түседі деген үміттеміз", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны