24.02.2014, 19:16 6625

Қазғарыш пен Мемагенттік Қырғыз Республикасымен бірге KazSat жер серігін жалға беру мәселесін талқылауда

Қазғарышта ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік байланыс агенттігі өкілдерінің арасында кездесу өтті.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. Қазғарышта ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік байланыс агенттігі өкілдерінің арасында кездесу өтті.

"Кездесу барысында Тараптар 2013 жылғы 1 қарашада Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 4-ші отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысын талқылады", - деп Қазғарыштан хабарлады.

Естеріңізге салайық, аталған 4-ші отырысында Қазақстан тарапы қырғыз жағына Қазақстанның KazSat ғарыштық байланыс аппараттарын Қырғыз Республикасының телекоммуникациялық саласында бірлесіп пайдалануды, соның ішінде KazSat отандық байланыс және геостационарлық серігінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларды жалдау үшін ынтымақтасуды қарастыруды ұсынды.

Мәселен, бүгінгі күні Қазғарыштың қарамағындағы ұйымы "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ (РҒБО) қырғыз тарапының өкілдерін "Ақкөл" жерүсті басқару кешені мен "Алматы" резервтік жерүсті басқару кешені объектілерімен таныстырып, сондай-ақ Қазақстанның ғарыштық байланыс инфрақұрылымының техникалық мүмкіндіктерін көрсетті.

Кездесудің нәтижелері бойынша Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруға келесті. Нақты айтқанда, келесі туралы уағдаласты: Қырғыз тарапы Қырғыз Республикасының жиіліктің Ku-диапазондағы әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыштық аппараттардың транспондерлік сыйымдылығын жалға алу қажеттіліктерін, сондай-ақ "KazSat-2" ҒА спутниктік сыймдылығын жалға алу мен өзара тиімді шарттарда "KazSat-3" ҒА ресурстарын пайдалану перспективалары қарастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны