29.04.2014, 19:37 5376

Қазпошта: 2014 жылы ауылды аймақтарда 29 ХҚКО ашылады

Ауылдық байланыс бөлiмшелерiн дамыту бағытында бүгiнгi таңда "Қазпошта" командасы жұмыс iстеп жатыр. Бұл мақсатта арнайы бағдарлама қабылданды. Ол ең шалғай жатқан ауылдардағы қызмет көрсету сапасын арттыруға және қазақстандықтарға қызметтiң жаңа түрлерiн ұсынуға мүмкiндiк бередi.

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың соңына дейін Қазақстан ауылдарында 29 ХҚКО ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаев мәлімдеді.

"Ауылдық байланыс бөлiмшелерiн дамыту бағытында бүгiнгi таңда "Қазпошта" командасы жұмыс iстеп жатыр. Бұл мақсатта арнайы бағдарлама қабылданды. Ол ең шалғай жатқан ауылдардағы қызмет көрсету сапасын арттыруға және қазақстандықтарға қызметтiң жаңа түрлерiн ұсынуға мүмкiндiк бередi."Қазпошта" қызметкерлерi 2014-2015 жылдарға арналған ауылдық жерлерде қөрсетiлетiн қызметтердi дамыту және қолдау бойынша жоспарды әзiрлеуге қатысқан", - дедi А.Бейсенбаев.

Оның айтуынша, ХҚКО республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарымен бiрлесе отыра ауылдарда тұратын қазақстандықтардың өмiрiн айтарлықтай жеңiлдететiн маңызды пилоттық жоба iске қосылды.

"Бiз қалалықтарға үйреншiктi құбылысқа айналған мемлекеттiк қызметтердiң толық спекторын қамтитын халыққа қызмет көрсету орталықтарын айтып отырмыз. Мұндай 10 қосын өз жұмысын бастап кеттi. Жыл соңына дейiн мұндай 29 қосын ашылмақ. Онда жергiлiктi тұрғындар ауылдан шықпай өздерiне қажеттi қызмет түрлерiн ала алады",-деді "Қазпошта" басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны