17.12.2018, 15:57 6380

"KazSTSat" қазақстандық спутнигінен бірінші ғарыштық түсірілім алынды

KazSTSat микроспутнигі -Калифорниядағы Ванденберг іске қосу базасынан 2018 жылы 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00 сағат 32 минутта ұшырылған ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесініӊ екі аппаратыныӊ бірі.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Тәуелсіздіӊ күнін тойлау қарсаӊында, 2018 жылы 14 желтоқсанда KazSTSat қазақстандық микроспутнигінен бірінші ғарыштық түсірілім алынды.

17 метр айыру қабілетімен "KazSTSat" ғарыш аппараты Оӊтүстік Америка аумағыныӊ үстінен ұшып өткенде Аргентинаныӊ оӊтүстүгіндегі ірі порт, Рио-Гранд қаласын суретке түсірді.

KazSTSat микроспутнигі -Калифорниядағы Ванденберг іске қосу базасынан 2018 жылы 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00 сағат 32 минутта ұшырылған ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесініӊ екі аппаратыныӊ бірі.

Falcon 9 зымыран-тасығышыKazSTSat микроспутнигі мен KazSciSat-1 наноспутнигіғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесініӊ екі аппаратын орбитаға табысты шығарғанын еске саламыз.

Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесініӊ (ҒТМ ҒЖ)екі спутнигін бірлескен қазақстан-британ инженерлер командасы жасады. Массасы 100 кг, 17 метр айыру қабілетімен Жерді қашықтықтан зондтау оптикалық пайдалы жүктемемен ғылыми-технологиялық мақсаттағы KazSTSat микроспутнигі. Екінші спутник -ғылыми мақсаттағы спутник, массасы 5 кг. Жердіӊ ионосферасын зерттеу үшін ғылыми пайдалы жүктемемен наноспутник.

Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін (ҒТМ ҒЖ) құру мақсаты - төменгі орбиталы ғарыш аппараттарын жобалау, құрастыру және сынау технологияларын пысықтау, Жер ионосферасына ғылыми зерттеулер жүргізу, технологиялық жүктеме (меншікті зерттеу кіші жүйелері) үшін ұшу тарихын алу. Жоба шеӊберінде алынған атқарымдар Қазақстанныӊ болашақ спутниктерін жасау құнын төмендетуге және шетелдік тапсырыс берушілер үшін ғарыштық жүйелер өнідіру кезінде қазақстандық қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ҒТМ ҒЖ "Ғалам" ЖШС инженерлері Surrey Satellite Technologies Limited (Ұлыбритания) жетекші еуропалық компаниясымен тікелей соӊғыныӊ өндірістік базасында бірлесіп іске асырылды.

Бұл қазіргі ғарыштық технологиялар трансфертінен барлық шектеулерді алып тастауға мүмкіндік берді.

Британдық инженерлермен бірлесіп осы жобада жұмыс істеген "Ғалам" ЖШС қазақстандық инженерлерініӊ командасы:

Мурушкин Сергей Александрович- бизнесті дамыту жөніндегі директор, жоба жетекшісі;

Эрве Ламберт -техникалық директор;

Тен Владимир Валентинович -техникалық директордыӊ орынбасары;

Бекембаев Арман Жақсылықұлы-АКТБ бастығы;

Анарбаева Айгүл Қасенқызы- жетекші инженер-конструктор;

Бабкина Ирина Игоревна- жетекші инженер-конструктор;

Қужамжаров Берік Бердікқұлұлы- жетекші инженер-конструктор;

Адамбеков Ермек Болатұлы- жетекші инженер-конструктор;

Бондарев Дмитрий Александрович- жетекші инженер-конструктор;

Бычков Александр Николаевич- жетекші инженер-конструктор;

Есенғалиев Арман Ғибатұлы- жетекші инженер-конструктор;

ЖұмажановБерік Рахымбекұлы- жетекші инженер-конструктор;

Исмаилов Уалихан Мыӊайдарұлы -жетекші инженер-конструктор;

Мурушкин Михаил Сергеевич- жетекші инженер-конструктор;

Нұртазаев Иділжан Елеуұлы- жетекші инженер-конструктор;

Прокудин Сергей Анатольевич- жетекші инженер-конструктор;

Сәрсенбаев Ербол Ерікұлы- жетекші инженер-конструктор;

Қадыр Иділқайыр Оразқайырұлы -ЖҚЗ және ғарыштық технологиялар жөніндегі коммерциялық бөлімніӊ басшысы;

Швайдюк Андрей Анатольевич- жобалық контроллер;

Ибдікәрімова Гүлмира Тұрлыбекқызы-Жобалар менеджері;

Ковалева Наталья Константиновна -Келесімшарттық менеджер;

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бүкіл қазақстандық инженерлер командасын, ғылыми қызметкерлерді, Қазғарыш және "Қазақстан ҒарышСапары" ҰК" АҚ ұжымдарын микроспутниктіӊ бірінші сәтті нәтижесімен құттықтайды және оны Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күніне арнайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны